2023 жылы 13,5 млн астам жолаушы тасымалданды

2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен тасымалданды. 

Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар: Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей, оларда билеттерге сұраныс жоғары болды.

ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, каникул) және мереке күндері орын алады.

Мысалы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн астам жолаушыны тасымалдады.

Сондай-ақ, жолаушылар сұранысына ие қызметтердің бірі - "Күту парағы". Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында пайдалануға болады . "Күту парағы" көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұра аласыз. 2023 жылы бұл қызмет 485 мың жолаушыға ұсынылды, оның ішінде 168 мың билет сатып алынды.

 Жолаушылар вагондары паркін жаңарту және жолаушылардың ыңғайлы жүруі мақсатында жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагондар паркі шамамен 2151 бірлікті құрайды, оның ішінде стандартты вагондар 1311, Тальго вагондары 732, электр-дизель пойыздарының вагондары 108. Парктің  орташа тозуы 44% құрайды.

Паркті жаңарту жұмыстары жалғасуда, 2022 жылы Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагондарын сатып алуға шарт жасалды, оларды 2025-2030 жылдар аралығында жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы ЗИКСТО зауытының 150 жолаушылар вагонын сатып алуға шарттар жасалды. 2023 жылы зауыт 94 жаңа жолаушылар вагонын жеткізді. Олар "Маңғыстау-Атырау", "Ақтөбе— Атырау" және "Павлодар-Түркістан" бағыттары бойынша сәтті жүріп жатыр.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты