Қолайсыз метеорологиялық ауа райы жағдайларына байланысты Қарағанды–Теміртау учаскесінің автомобиль жолында шектеу енгізілді.
Осыған байланысты, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін отырғызу жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа-райында сапарлаудан бас тартуды сұраймыз.
Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және "Ktzh_pp_bot" Телеграмм боты арқылы алуға болады.