«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабайға дейін ұзартылды

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 28 маусымнан бастап жазғы кезеңге №7509/7510 «Павлодар-Астана» электропойызының бағытын Көкшетау мен Бурабай курорты станциясына дейін ұзартты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Павлодардан Астанаға дейін пойыз №7509/7510 нөмірімен, содан соң №6805/6806 нөмірімен қатынайды. Электропойыз Павлодардан сағат 10:57-де, Астанадан сағат 18:30-да шығады. Пойыз Бурабайға сағат 21:20-да, ал Көкшетауға сағат 22:31-де жетеді. Кері бағытта Көкшетаудан сағат 11:50-де шығып, Бурабайдан сағат 12:55-те, Астанадан сағат 16:45-те жүреді. Павлодарға пойыз сағат 23:31-де келеді.

Пойыз жаздың соңына дейін аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынайды.

Павлодардан Бурабай станциясына дейінгі жол жүру құны: 1-класстағы вагондарда – 8 012 теңге, 2-класстағы вагондарда – 7 480 теңге, 3-класстағы вагондарда - 6 184 теңге.

Комиссиясыз билеттерді https://bilet.railways.kz сайты немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Бурабай» курорты аумағында жаңа туристік аймақтарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты