«Jibek Joly» туристік пойызы кезекті сапарға аттанды

Жолаушылар тасымалы
30.04.2025, 17:18
Оқуға 2 мин

120-дан астам жолаушы 30 сәуірде «Jibek Joly» туристік пойызымен саяхатқа шықты. Ұлттық тасымалдаушы Қазақстан мен Өзбекстан арасында іске қосқан туристік пойыз туристерге екі елдің тарихи орындарына баруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

«Jibek Joly» туристік пойызы Алматыдан жолға шығып «Алматы – Түркістан – Бұхара – Самарқанд – Ташкент – Алматы» бағытымен жүреді. Турдың ұзақтығы 8 күн — 2025 жылғы 30 сәуірден 7 мамырға дейін.  

Айта кетейік, кезекті туристік пойыздың іске қосылуы туристер мен Ұлттық тасымалдаушы үшін дәстүрге айналды. Қазіргі құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін бесінші туристік пойыз болды.  

Туристік пойыз құрамы отандық өндірістің заманауи жайлы вагондарынан құралған, олардың интерьері дәстүрлі ою-өрнек элементтерімен ұлттық стильде безендірілген. «Jibek Joly» туристік пойызы 5 вагоннан тұрады (4 купе және 1 вагон-мейрамхана).  

Пойыз маршруты Қазақстан мен Өзбекстанның көрнекті мәдени және тарихи орталықтары арқылы өтеді. Сегіз күн ішінде турға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Түркістандағы Отырар қалашығын, Бұхарадағы Арк бекінісі мен Ляби Хауз алаңын, Әмір Темір кесенесін және Самарқандтағы Регистан алаңын, Төле би кесенесін және Ташкенттегі Хазіреті Имам мемориалдық кешенін аралайды.

Туристік пакеттің құнына туристік пойызбен жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен туристік бағдарлама, кіру билеттері бар экскурсиялар және туроператорлар ұйымдастырған трансферлер кіреді.

Туристік пойызды ҚТЖ «Өзбек темір жолдары», Туризм комитеті және ҚР Көлік министрлігі, Kazakh Tourism көмегімен ұйымдастырды.  

«Jibek Joly» туристік пойызының іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өңірдің тарихи мұрасын танымал етуге ықпал ете отырып, теміржол туризмін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті