ҚТЖ жазғы кезеңде қосымша бағыттарды іске қосады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды. Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыттар бойынша қатынау жиілігі арттырылатын болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады: 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:

1.№253/254 «Астана — Достық»  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.

2.№207/208 «Алматы — Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.

3.№211/212 «Алматы — Достық»  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.

4.№221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.

5.№457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.

6. №459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.

7.«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

8.«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

9.«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

10.№201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.

11.№203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.

Жолаушылар үшін ақпарат алу және кері байланыс орнату арналары қолжетімді. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметті https://tablo-railways.kz/ru/  сайтындағы онлайн-таблодан, сондай-ақ 1433 нөмірлі колл-орталық немесе +7 776 714 5686 WhatsApp чаты арқылы білуге болады.

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде