Алдағы жазда Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады. Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

1. №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

3. №122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жыл бойы, айдың жұп күндерде).

4. № 643/644 «Мойынты - Балқаш» (күнара);

5. № 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);

6. № 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 6 рет);

7. № 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына 6 рет);

8. № 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 2 рет);

9. № 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).

Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.