ҚТЖ пойыздарымен 484 мыңнан астам бала тасымалданды

Жолаушылар тасымалы
01.06.2025, 15:04
Оқуға 1 мин

Балалар күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ кәмелетке толмаған жолаушылардың тасымалына қатысты статистиканы жариялады. 2025 жылдың басынан бастап компания пойыздарымен 484 мыңнан астам бала тасымалданған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сұранысы жоғары бағыттар қатарында Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей бағыттары көш бастап тұр.

Балаларды теміржол көлігімен тасымалдау төмендегі ережелер бойынша жүзеге асырылады:

● 7 жасқа дейінгі бір бала ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге жеке орынсыз тегін жол жүреді;

● егер бірнеше бала болса, тек біреуінің жол жүруі тегін, ал қалғандарына балалар билеті қажет;

● 7 мен 15 жас аралығындағы жолаушылар үшін 50% жеңілдікпен балалар билеті сатып алынады;

● 15 жастан асқан балалар өз бетінше сапар шеге алады, бірақ міндетті түрде нотариалды расталған ата-ананың немесе заңды өкілінің келісімі болуы тиіс.

Сонымен қатар, пойыздарда балаларға арналған бейне және аудиоконтентпен жабдықталған мультимедиялық жүйелер орнатылған. Ал мейрамхана-вагондарда бүлдіршіндерге лайықталған мәзір ұсынылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жас жолаушыларға жайлы сапар сыйлау мақсатында қызмет сапасын жетілдіру мен қосымша мүмкіндіктерді енгізуді жалғастырады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды