Елорда вокзалында бес миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды

Жолаушылар тасымалы
03.06.2025, 09:47
Оқуға 1 мин

Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданған бес миллионыншы жолаушы елордадағы «Астана-1» теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алынды. Сәтті билет иегері – небәрі 8 жастағы Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы. Ол анасымен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 бағытындағы жолаушылар пойызымен сапар шеккен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Айрықша оқиғаға орай ұйымдастырылған шара барысында Мөлдірге Ұлттық тасымалдаушы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Жас жолаушыға жұмсақ ойыншық, планшет және сымсыз құлаққап сыйға берілді. Сыйлықтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының директоры Замира Абжаппарова салтанатты түрде табыс етті.

«Бұл сапар біз үшін ұмытылмас әсерге толы болды. Билеттің мерейтойлық екенін естіген сәтте таңданысымызда шек болмады. Бес миллионыншы жолаушы атанамын деп ойламаған едім. Ұйымдастырушыларға көрсеткен құрметі мен сыйлаған қуанышты сәттері үшін шын жүректен алғыс айтамыз» — деп әсерін жеткізді Мөлдірдің анасы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ миллионыншы жолаушыны ерекше ілтипатпен қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Бұл – теміржол көлігін таңдаған жолаушыларға деген алғыстың және жоғары сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылыстың жарқын көрінісі.

 

Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды