Алакөлге осы жазда 240 мың жолаушыны тасымалдау жоспарлануда

Жолаушылар тасымалы
18.06.2025, 12:21
Оқуға 2 мин

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жазғы кезеңде жоғары сұранысқа ие  туристік бағыттарда 12 қосымша маршрутты іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларынан пойыздарды қоса алғанда, Алакөл бағытында барлығы 13 маршрут ұйымдастырылды. Оның ішінде 11 бағыт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары, екі бағыт бойынша — жеке тасымалдаушылар құрамы жүреді. Ұлттық тасымалдаушы ұйымдастырған тоғыз маршрут жазғы кезеңге арнайы іске қосылды. Осы бағыттарға тартылған ұлттық тасымалдаушы пойыздары ауа баптау жүйесімен толық жабдықталған.  

Өткен жыл қорытындысы бойынша Алакөл бағытына және кері қарай теміржол көлігімен 236 мың жолаушы тасымалданды. Биыл 240 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсету жоспарлануда. 2022 жылдан бастап осы бағыттағы жолаушылар ағынының көлемі 90% ұлғайды, бұл елдегі ең танымал курорттардың бірінде демалуға тұрақты жоғары сұранысты көрсетеді.  

Алакөлден басқа, Бурабай курорттық аймағы жолаушылар арасында дәстүрлі түрде танымал. Жазда негізгі ағынды Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары қамтамасыз етеді. Осы мегаполистер арасында жүретін пойыздар жүктеме мен сұраныстың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.  

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жазғы демалыс кезеңінде сервис сапасын арттыру және бүкіл ел бойынша жолаушылардың қолжетімді, жайлы қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.  

Анықтама үшін: Алакөлге қатынайтын пойыздар:  

- №54/53 Астана - Достық  

- № 254/253 Астана – Достық  

- № 207/208 Алматы-2 - Жалаңашкөл  

- № 221/222 Алматы-2 - Достық  

- № 211/212 Алматы-2 - Достық  

- №457/458 Семей - Достық  

- №459/460 Өскемен - Достық

-   №21/6942/6941/22 пойыздар құрамындағы Алматы – Достық

-  №21/6942/6941/22 пойыздар құрамындағы Қызылорда – Достық   №31/6942/6941/32 пойыздар құрамындағы Павлодар – Достық  Сұранысқа ие бағыттар бойынша жүретін пойыздар:  

- № 201/202 Астана-Алматы  

- №203/204 Астана-Шымкент

-  №219/220 Қарағанды-Балқаш

   

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды