ҚТЖ Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз тағайындады

Жолаушылар тасымалы
30.06.2025, 09:24
Оқуға 2 мин

Жазғы маусымда жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе мен Астана қалалары арасында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл бағыт жазғы демалыс кезеңінде батыс және солтүстік өңірлерге жол жүретін жолаушыларға қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында іске қосылды.

Пойыз 2025 жылғы 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін төмендегі кесте бойынша қатынайды:

Ақтөбеден жөнелтілуі: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде, 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.

Астанаға (Нұрлы жол) келуі: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде, 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.

Астанадан (Нұрлы жол) жөнелтілуі: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде, 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.

Ақтөбеге келуі: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде, 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйек.

Пойыз құрамында 12 вагон бар, оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт вагоны қарастырылған. Вагондар ауа баптау жүйесімен, санитарлық және техникалық талаптарға сай жабдықталған. Бұл пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Пойыз қозғалысы туралы толық ақпаратты 1433 бірыңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы алуға болады.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды