Тиелімде жоғары көрсеткіш

Семей ЖТ қарасты Аягөз станциясының теміржолшылары ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын тамаша табыспен қорытындыламақ. Өйткені, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы жетістік өз алдына, тасымал көлемі, вагондар айналымы, жүк тиеу-түсіру де жылдағы есепті мерзімнен анағұрлым жоғары.  Аягөз станциясының басшысы Қуаныш Әміреновтің айтуынша, осылайша көктемгі су тасқынымен күресе жүріп, еңбек майданында да жетістіктерге жетіп жатқан станциялықтар бірінші кезекте ұлттық компания басшылығы алға қойған басымдықтарға  назар аударады. Атап айтсақ, өндірістегі үнемділік, эксплуатациялық жұмыстар, жүк тасымалын арттыру және жеделдету сынды мәселелерге ерекше ден қойылған. Оның ішінде әсіресе жүк тиеу ісінде жетістік мол. Мәселен, өткен жылы тұп-тура мың вагонға жүк тиеліпті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 вагонға жоғары. Осы ретте құрылыс материалдарын өндіретін «АлинаХолдинг» сынды басты әріптестің үлесі жоғары. Аталмыш алпауыт мекеменің бір өзі өткен жылы 500 вагонға тапсырыс беріпті. Ал, биылғы жылы бұл көрсеткіш тағы еселене түспек, себебі ағымдағы жылы мың вагонға тапсырыс беруге ниетті. Бұдан өзге жылдағыға қарағанда металл сынықтары мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын, жергілікті өнеркәсіп өнімдерін тиеу-түсіру ісі де жоғарылап келеді. – Жазғы мерзімде жүк тиеу ісі аңағұрлым жоғарылай түседі. Тораптық станция болғандықтан жұмысымыз әрдайым қауырт. Оның үстіне биыл 10 шақырым аумаққа күрделі жөндеу жүргізілмек. Даярлық шараларын қазіргі күннен бастап пысықтаудамыз. Себебі, станция басына мол көлемде құрылыс материалдарымен жол техникалары келеді, – дейді Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміренов. Биылғы жылғы тағы бір жаңалық - Аягөздің өз басынан темір-бетонды өнімдер шығаратын алып зауыттың ашылу салтанаты күтілуде. Ол үшін тағы бір қосымша кірме жол салынбақ. Станция бойынша экономикалық тиімділікті еселеуде батыл қадамдар жасалыныпты. Бұл ретте дұрыс ойластырудың нәтижесінде болар, қазіргі нарықтық ахуал теміржолшылар жағында. Бір ғана мысал, экономикалық тиімділіктің еселенуіне жаңадан ашылған ірі өндіріс ошақтарын теміржол қызметін пайдалануға тарту және жүк тасымалдауды автокөліктен теміржолға көшіру шаралары оң ықпалын тигізген. Бұл ретте іргелі кәсіпорындармен, атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Айта кетерлігі сол, іскерлік әріптестік аясында жаңа көкжиектер әлі де ашылуда. Жалпы, Орта Азия мен Ресейдің Сібір бөлігін жалғайтындықтан әрі Қытайдың Отанымызбен алыс-берісі мол Шыңжаң өлкесімен халықаралық автокөлік қатынасы түйісетін Аягөз шаһарының логистикалық маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Бұл әлбетте өз кезегінде теміржол саласына экономикалық тұрғыдан оң ықпалын тигізуде.  Аягөз – бірінші класты станция. Бүгінде штаттық кесте бойынша 54 теміржолшы еңбек етуде. Маусымдық жағдайда тәулігіне 20 шақты жұп жүк пойызы, онға таяу жолаушы пойызы өтетін тораптық станциядағы жұмыстар бүгінде қауырт. Ал осынау іркіліссіз жүріп жатқан үдерісте негізінен жастар еңбек етеді екен. Себебі, Аягөз станциясындағы теміржолшылардың 80 пайызын жаңа буын өкілдері құрайды. Осынау жетістіктердің барлығында да жаңашылдықтың, жаңа толқынның лебі сезілетіні сондықтан болса керек.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады