Жаңғызтөбеден алтын тиелуде
Жолаушылар тасымалы
24.04.2018, 15:36
Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен 3-класты Жаңғызтөбе станциясында жүк тиеу, түсіру шаралары бойынша күтпеген жаңалық орын алды. Алғашқы тоқсанды қорытындылаған жүк тасымалымен айналысатын мамандар бұл оң өзгеріс әлі де тың жетістіктерге жетелейтінін айтады.
Бірінші кезекте айта кетсек, алдыңғы жылы аталмыш станция бойынша жүк тиеу ісі 296 вагон, 19 мың тонна болса, бұл көрсеткіш өткен жылы күрт өсіп, 801 пайызға жеткен. Яғни, жүк тиеудегі жетістік 2261 вагонды құрап, 152,8 мың тонна болыпты. Ал енді ағымдағы жылы аталмыш станция жүк тиеуді бұрын-соңды болмаған деңгейге, 7 800 вагон, 526 мың тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Оған тапсырыс берушілермен жұмыс нәтижесі ықпал етіп отыр.
– Жүк тиеу көрсеткішінің бұлайша еселенуіне өңірдегі «Артель Старателей Горняк» ЖШС-ның өткен жылдың маусым айынан бастап құрамында алтын металы бар сульфидті кен өндіруді қайта жандандыруы болып отыр. Бұл мекеме шахталары 1992 жылы жабылған болатын. Ал енді осынау кен өндірушілер биылғы жылы қарқын алған өндіріс көлемін күрт арттырып, Балқаш станциясына жылына 500 000 тонна кен өнімін жөнелтпек. Бұдан бөлек, Жаңғызтөбеге жақын жатқан Бөке ауылындағы Васильевская кен байыту комбинаты құрамында алтын бар сульфидті кенді Ресейге тасымалдамақ. Жоспар бойынша тасымал көлемі жылына 100 000 тоннаны құрайды, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханова.
Бір бұл емес, тиелер жүкті еселей түсер тағы бір факті бар. Атап айтсақ, «Алтай минералдары» ЖШС Тарбағатай тауының етегіндегі Маңырақ кен орнынан Ресейдің Алтай өлкесіндегі Серпухово және Кульшарипово станцияларына бентонитті топырақ жөнелтпек. Жоспар көлемі жылына 200 000 тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар, биылдан бастап 2018-2022 жылдарға жоспарланған республикалық маңыздағы Қалбатау-Майқапшағай автокөлік жолы мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілмек. Қытай шекарасына апаратын бұл тас жолдың ұзындығы 415 шақырымды құрайды. Оның құрылысына арналған темір-бетон бұйымдары мен асфальт битумы, металл конструкциялар мен т.б. қажетті заттар Жаңғызтөбе станциясынан түсірілмек. Себебі, Қалбатау кенті аталмыш станциядан небары 28 км жерде ғана. Бұл ретте «ҚазАвтоЖол» мекемесі құрылыс материалдары мен техникаларын тасымалдау жөнінде келісім жасасып жатыр.
Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиевтің айтуынша, жүк тасымалының бұлайша күрт өсуі аталмыш станцияға қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін туғызған. Бұрындары, оңтайластыру кезінде қысқартылған пойыз құрастырушылары қызметке қайта алынуда. Сондай-ақ, қажетсіз деп танылған, бос жатқан бәзбір кірме жолдарда ендігі аралықта жүк тиеген жылжымалы құрамдар жүрісі жанданып, теміржол тіршілігі қайта жандануда.
Ал, Семей ЖТ бөлімшесі басшылары тасымал бойынша қызметі күрт жанданған Жаңғызтөбенің кластық дәрежесі жоғарылайтынын айтады. Тек ол үшін екі жыл мерзім керек көрінеді. Қалай десекте, күре жолдың бойындағы Жаңғызтөбенің дәуірі қайта туғаны анық.
Қуаныш Қожаев, Жаңғызтөбе
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады