Түлкібас – оңтүстіктің жер жәннаты

Көктемгі комиссиялық тексерудің қорытындысында бөлімше директоры Ермекбай Ерманов Түлкібас бекетінің жұмысына көңілі толатынын айтқан-ды. Станция бастығы өзі шеше алмаған күрмеулі мәселені бөлімше бастығына хабарласып ақылдасып, шешімін табатынын көпке мысал еткен. Жалпы Түлкібас – табиғаты өте көркем, қойнауы жеміс-жидекке толы, ауасы таза, курортты аймақ. Қазақстан ғана емес, берісі Ресей, арысы шет елдерге кетіп жатқан атақты «Түлкібастың алмасын» кім білмейді?! Станция бастығы Нематулла Ергешбекұлы 1989 жылдан бері станция бастығының орынбасары болғандықтан, бұл бекеттің жұмысын бес саусағындай біледі. 2017 жылдың ақпанынан басшылыққа келген. Ал, жалпы теміржолдағы еңбек өтілі 38 жылды құрайды. Үш жылдан кейін зейнетке шығады. Соған дейін қолы тиген жердің бәрін көгертіп, кейінгілерден сөз естімей кетсек дейді. Түлкібастай жер жәннатында туып-өскенін мақтан тұтады. Түлкібас таулы-қырлы жер болғандықтан, станциядағы пойыз өтетін бірінші жолдың жиегінде 250 метрдей терең сай бар екен, адамдар ол жерден өткенде пойыз келсе қаша алмайтын көрінеді. Сайға құлап түсуі мүмкін. Станция басшылығы тұрғындардың амандығы үшін қиыршық тас төгуді қолға алыпты. Күрделі жөндеуден соң жолдан шыққан ескі қиыршық тастарды төгіп, басқа да материалдарды пайдаланып, 250 метрдің жартысын тегістепті. Қанша ескертсе де халық сол биік жардан өтуін қоймайды екен. «Енді жол дистанциясының мамандарымен келісіп, қоршамасқа амал жоқ. Кәдімгі қоршау жасасақ, суық қолдылар тағы бұзып кетуі мүмкін. Шетінде тікенектері бар бір тонна сымды дайындадық. Эстетикалық  келбетке сай келмесе де, солай жасауға тура келеді. Есесіне, ешкімге қауіп төнбейді», – дейді Нематулла Ергешбекұлы. – Кейде теміржолда болған өндірістік жарақатты жасыратындар бар. Қайта оны дер кезінде айтып, қауіптің алдын алған, өзгелерге сақтық еткен пайдалы.  Өндірістік жарақат орын алса, 20 минут ішінде басшылыққа хабарлау қажет. Бір бақытсыз жағдай мыңдаған адамға сабақ болады, – дейді ол.   Станцияда еңбек қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлінген. Төрт пойыз құрастырушыға арнайы киініп-шешінетін орын, онда 200 литрлік ыстық су құрылғысы орнатылған. «Жүк тасымалы» АҚ басшылығы өндірісте киетін жұмыс киімінің сапалылығына мән бере бастағаны да көңілдерінен шығады. «20-25 жыл жұмыс істеп жүріп бірінші рет таза мақтадан тігілген киімдер алып жатырмын» деп қуанғандар болыпты. Аяқ киімі де сапалы деседі. Компьютерлер де жаңаруда. Жақында жаңа орындық, кітап сөресі, киім ілетін шкафтар келмек. Зиянды жұмыстағыларға уақытылы сүт берілуде. Жақында арнайы «Құрмет тақтасын» жасатып, қабырғаға еңбекте озат, ұжымға сыйлы теміржолшылардың суретін іліп қойған. Бұл да болса үй мен жұмыстың арасындағы күйбең тірліктен шаршаған теміржолшының еңсесін көтерсе керек. Көктем шыққалы аулаға жаңадан ағаш отырғызып, гүл егіп, ғимарат ауласын әдемілеп қойған. Қауіпсіздік мәселесі бойынша ай сайын екі рет айлық комиссиялық тексеру жүргізіледі. «Станция бастығының күні» осы төңіректегі теміржол мекемесі басшылары жиналып, ортақ мәселелерді талқылайды.   – Соңғы айларда 2-3 тәуліктен толаскез болып жатыр. Жаңадан шпалдар, брусь-білеулер ауыстырылуда. Ресейде бір пойыз тәулігіне 1500 сағат жүреді деседі. Ал бізде жолдың ескіруінен 900-1300 сағаттың арасында. Сондықтан, жол табанын кешенді түрде ауыстырып, сауықтырып жатқаны құптарлық, – дейді станция бастығы. Станцияға күн сайын 6 вагон келіп, 5 вагон кетеді екен. Ай сайын 180 вагон жүк тиеліп, 250 вагон түсіріледі. Қазір бұрынғыдай жоспарлы емес, нарықтық экономика. Сондықтан, клинеттермен келісімге келіп, жүк тарту қолға алынған. Бес айда Түлкібасқа Солтүстіктен 1500 вагон бидай келген. Ол ұнға айналып, 350 вагонға тиеліп жөнелтілген. 200 вагон әктас Алматы мен Қарағандыға жөнелтілген. 563 вагон қиыршық тас тиеліп, сұраныс бергендерге 400 вагон тас түсірілген. Басқа да түрлі заттар 150 вагонды құраған. Осыны станцияда еңбек ететін 44 теміржолшы атқаратынын мақтанышпен жеткізді Нематулла Тойшыбеков. Станция бастығы әріптестерімен ай сайын жақын маңдағы үш мектепке барып, қауіпсіздік жайын сөз етуді әдетке айналдырған. Оқушылардың ойында қалуы үшін өткен жылы екі жасар сәбидің, одан соң құлаққап таққан қыздың, оны құтқарамын деп ұмтылған жас жігіттің өлімін айтып, ескертеді. «Балаға «сақ бол» деген жалаң сөз әсер ете бермейді, ол абайсыздықтың кесірінен қаншама адам теміржолда  құрбан болғанын сезінуі тиіс» деп санайды тәжірибелі теміржолшы.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түлкібас

Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл