Ұйымшыл ұжым ұтады

Жолаушылар тасымалы
07.08.2018, 11:33
Оқуға 3 мин
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығын Балқаш станциясының ұжымы табысты аяқтап, биік белестен көріне білді. Нақты дерекке сүйенсек, вагондардағы жүк тиелімі 2763 бірлікке асыра орындалып, жоспар 141,1%-ті құрады. Ал тоннаға шаққандағы көрсеткіш 169266 тоннаға артық тиеліп, жоспар 140,1%-ті құраған. Десе де, бұл көрсеткіштер өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда төмендеу болып отырғанын айтады станция басшылығы. Оған себеп, күкірт қышқылы цехындағы пештің жөндеуге тұрып қалуынан жүк тиелімі болмаған. Статистикалық жүктемеге келсек, бұған қатысты меже жоспарлы 61,99 т/вагон орнына 62,16 т/вагонды құрап, орташа есеппен алғанда 0,17 тоннаға артқан. Алты ай ішінде 39433 вагоннан жүк түсіріліп, меже 862 вагонға артық орындалған. Әсіресе, жүк түсіріліміне қатысты көрсеткіштің ақпан, сәуір, мамыр айларында асыра орындалғаны байқалады. Жергілікті вагонның бір жүк операциясы кезінде тұруы 5,19  сағатты құрап, жоспар 123% құрады. Ал вагон айналымы 1873 вагонды құрап, жоспар 109%-ті құрады. Үстіміздегі жылдың алты айында Балқаш-1 станциясының жүк бөлімі қызметкерлері тарапынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша станцияға 19 тексеріс  жүргізіліп,  станцияның жүк цехтарының қызметкерлеріне 15 техникалық сабақ өткізілген.  – Алты ай ішінде Балқаш станциясында пойыздарды қабылдап-жөнелту, вагондарды түсіру және маневрлік жұмыс өндірісі барысында қозғалыс қауіпсіздігі сақталды. Пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында ақауға жол берілмей,  вагон паркі мен тасымалданған жүктердің сақталуы қамтамасыз етілді. Бұл арада қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмай, келеңсіз жағдайлардың орын алмауына жыл басынан бері өтіп жатқан түрлі тақырыптағы айлықтардың көп көмегі тиіп жатқанын баса айтар едім. Мәселен, «Жылжымалы құрамды бекіту», «Вагондарды қауіпсіз түсіру», «Назар аударыңыз, тежегіш табандығы» сияқты тағысын тағы айлықтар өтті. Бірінші жартыжылдықта өндірістік жарақаттану жайттарына да жол берілген жоқ. Бұл бағытта да еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыстың ерекше режимі, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту сынды түрлі айлықтар өтті. Бұл айлықтар бақылауды күшейтуге, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға мол септігін тигізеді. Оның үстіне, станция бастығы ретінде менің жетекшілік етуімен және логистика жөніндегі орынбасарымның жетекшілігімен техникалық сабақтар өткізіп тұрамыз. Пойыздардың қозғалысымен тікелей байланысты барлық маман жұмысқа түсер алдында міндетті медициналық тексерістен өтіп, денсаулығын тексертеді. Жұмыс орындары аттестацияланып тұрады. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар сүтпен қамтамасыз етілген. Бүгінде қыстық арнайы киімдер кестеге сай жеткізіле бастады. Осы киімдердің сапасын қарайтын арнайы комиссия құрылған. Балқаш станциясының ұжымы алдында алдағы екінші жартыжылдықта да станцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бірінші кезекте ол станцияның сандық және сапалық көрсеткіштерін орындап, арттыруға қатысты. Балқаш станциясынан бағалы жүк түрлері тиелетін болғандықтан, жүктердің діттеген жеріне шашау шықпай жетуі маңызды. Осы бағытта жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін Балқаш станциясының темір жол торабындағы өзге темір жол мекемелерімен, жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдап алушылармен тығыз байланыс жасап, кездесулер ұйымдастырып келеміз. Бұл жұмыстар келешекте де жалғасын  таппақ. Ең бастысы, ұжым болып пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға аянбай еңбек ететін боламыз. Ұжым ұйымшыл болғанда, жұмыс тиімді, алар асу биік болмақ, – деп ой бөлісті станция бастығы Аманжол Омаров. 

Сұлугүл БАКЕСОВА

 
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды