Машинист – қозғалыс қауіпсіздігіндегі ең жауапты тұлға

«ҚТЖ -Жүк тасымалы» АҚ басшылығы Астана локомотив құрастыру зауытында жаңадан құрастырылатын локомотивтерді жетілдіруде қарапайым машинистер мен олардың көмекшілерінің пікірлеріне құлақ асуды қажет санайды. Себебі, теміржол көлігіндегі ең басты тұлға машинистер – қозғалыс қауіпсіздігіне де ең жауапты тұлға екені даусыз.

Астана локомотив пайдалану депосы басшысының пайдалану жөніндегі орынбасары Жанат Қасымхановпен сұхбатымыз бұл тұжырымды бекіте түсті.

– Астана локомотив пайдалану депосының машинистері мен олардың көмекшілері жаңадан құрастырылатын тепловоздарда жұмыс орны қандай болу керектігі жөнінде бірқатар ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, локомотив шаруашылығы қызметкерлері үшін ең алдымен тепловоздың ішіндегі жұмыс орнында жайлылық пен ыңғайлылықтың болуы шарт. Бұрынғы тепловоздарда басқару тетіктері алшақ орналасқан болса, енді жаңа локомотивтерде мейлінше оларды жақын орналастырып, басқаруға ыңғайлы етіп жасауы мүмкін. Яғни, бұл – машинистердің ұсынысы. Ал машинистер ұсынысы міндетті түрде ескерілуі тиіс.

– Локомотив пайдалануда электровоздар мен тепловоздардың үлес салмағы қандай?

– Екеуі бірдей қолданыста. Біздің Астана депосында, мысалы, жылжымалы құрамды тасымалдауда, әсіресе, жолаушылар пойыздарын электровоздар сүйрейді. Ал, қара жұмысты негізінен тепловоз машинистері тындырады. Электровоздарға қарағанда тепловозды басқару әлдеқайда қиын. Алып двигательді іске қосу, оның қалыпты жұмыс жасауын қадағалау, тағы басқа факторлар машинист пен көмекшісінің үнемі бабында болуын қажет етеді.

Мен – тепловоздар бойынша жауапты орынбасармын. Бүгінде локомотив паркінің 40 пайызын тепловоздар құрайды. Көп жағдайда жақын маңдағы станцияларға пойыз құрамдарын тасымалдаймыз. Сонымен бірге, станцияаралық маневр жұмыстарды атқарамыз. Қазіргі таңда кеңес дәуірінде құрастырылған тепловоздармен бірге жаңа, заманауи, компьютерлендірілген заманауи локомотивтер көптеп қызмет көрсетеді. Отандық өндірістен шыққан Эволюшн сериялы тепловоздар бүкіл теміржол бойында жүйткіп жүр. Және олар үнемі жетілдірілу үстінде. Алып техниканың пайдалану мерзімі 20-25 жыл шамасында. Алайда, белгілі бір аралықты жүріп өткен тепловоздар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалану мерзімі ұзартыла береді. Бүгінде кей жол аралықтарында (Қырқыншы – Сарыоба) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс айналасындағы маневр жұмыстары мен техникаларды сүйреу жұмыстарына біздің локомотивтер қолданылып келеді. Ескі жолдар жаңасымен ауыстырылып жатыр. Рельстер төселеді. Жөндеу жұмыстарымен ПМС кәсіпорны айналысады. Ал, техниканы жеткізу-тасымалдау шаралары біздің мойнымызда. Биыл тепловоздар паркі жаңа локомотивпен толықты. Бұрынғылардан айырмашылығы мен басым жағы көп. Басқару тетіктері оңай, сонымен қатар экологиялық тұрғыда әлдеқайда таза.

– Қозғалыс қауіпсіздігіндегі ең жауапты тұлғаларға қойылатын талап қандай және жас ерекшелігі және басқадай талап бар ма?

– Астана локомотив пайдалану депосының паркінде бүгінде 40 тепловоз қатынайды деп айттық жоғарыда. Оларды барлығы 180 машинист пен олардың көмекшілері басқарады. Тепловоз машинистері мен көмекшілерінің орташа жасы 30-32 аралығында. Жиырмадағы жас жігіттер де бар, елуді еңсерген аға буын өкілдері де жетерлік. Осы жылы 8 машинист алғашқы қысын өткізбек. Олар бұрыннан жұмыс істеп келе жатыр. Осы жолы көмекшіліктен машинистікке ауысып, бақтарын сынамақ. Сонымен бірге, қатарымызға жаңадан қосылған көмекшілер де алғашқы рет қыс мезгілінде жолға шығады. Барлығы 12 адам алғашқы қыстан сынақ тапсырмақ. 180 машинист пен көмекшілеріне 5 машинист-нұсқаушы жауапты. Әрине, машинистерге талап та жауапкершілік те жоғары. Ең алдымен, оларды жұптау да үлкен жұмыс. Машинистер мен көмекшілерінің мінез үйлесімділігі қатаң тексеріледі. Психологиялық сауалнама жауаптары компьютер арқылы өңделеді. Ситауациялық жағдайларға дайындығы, салқынқандылығы мен шұғыл шешім қабылдайтын ұшқырлығы – бәрі есепке алынады. Жұмыста алаңсыз болуы үшін отбасыларының екінші мүшелерімен жиналыстар өткізіліп отырылады. Үйлерінде дау-дамай болса, оның жұмысқа да әсері болатынын түсіндіреміз. Сондықтан, отбасы мүшелері машинистің, көмекшісінің жұмысқа тынығып келгенін қамтамасыз ету керек. Арнайы роликтер көрсетеміз. Локомотив шаруашылығының ауыр да жауапты жұмыс екенін ұғындыруға тырысамыз. Қорыта айтқанда, кез келген жан машинист бола алмайды.

Асқар Ақтілеу, Астана

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап