Қалауын тапса қар жанар

Астана станциясының жанындағы Қырқыншы станциясының халқы жылдан жылға артып жатыр. Оның сыры да белгілі, станция қала іргесінде. Бірақ, тек жүк станциясы ретінде қызмет етіп келген станцияда не вокзал, не күту ғимараты жоқ.   

Станция бастығы Дастан Онбеспаевтың айтуынша, бүгінде Қырқыншы станциясынан Ерейментау-Көкшетау бағытына және кері бағытта жүретін электр пойызы және тағы бірнеше пойыз тоқтап, жолаушылар мініп-түседі. Вокзал болмағандықтан сол пойыздарға мінетін жолаушылар, әсіресе қыстың аязды да боранды күндері станцияның әкімшілік ғимаратын паналап, жиналып қалатын болған. Ал бұл ғимараттың бірінші қабатында тауар кассирлері отыратындықтан, жиналған халық олардың жүк жөнелтушілермен қатысты жұмысына кедергі келтіретіні айдан анық. Қыстың көзі қырауда оларды далаға шығарып жіберудің жөнін таппай, қалдырып қоюдың тағы ретін таппай, теміржолшылар бөлек күту залын ашу туралы шешім қабылдапты. Оңан бір тиын да қаржы жұмсамаған, шаруашылық тәсілімен, яғни өз күштерімен күту залын салып, көпшіліктің алғысына ие болыпты.

– Алдымен контейнер тауып, соны өз күшімізбен күту залы етіп жасап шықтық. Есік ашып, ішіне орындықтар қойып, жылытып дегендей. Қазір пойызға мінетін жолаушылар сонда отырады, бізге де, оларға да жақсы болды, бір-бірімізге кедергі келтірмейміз. Жұмысымыз жеңілдеп, халық та бізге алғысын жаудыруда. Осы игілікті іске мұрындық болып, жүзеге асыруға атсалысқандар қатарында станция бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Құрманбаев пен логистика жөніндегі орынбасары Нұрлан Лесов және техникалық жұмыстар бойынша орынбасар Нәдірхан Қайсаров болғанын мақанышпен айтар едім, – дейді әріптестерінің бастамасына қолдау білдірген станция бастығы.  

Сырты контейнер демесең, іші заман талабына сай жабдықталған күту залы расымен ұядай жылы, жып-жинақы екен. Жарықтандырылып, жылу жүргізілген. Қатты суықтың өзінде ішінің температурасы +12,+15 градус болып тұрады. Ол үшін 4 жылыту құралы қойылған. Сыртқы есігі де мықты етіп қымталып, суық өткізбейтіндей жасалған. Ішіне темір орындықтар қойылған. Барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Сонымен қатар пойыздардың келе жатқанын естіп отыру үшін ішінде дауыс зорайтқыш та бар екен. Күту залы пойыз жүретін кесте уақытына қарай ашық болады. Оның кестесін станция ұжымы 4.00-7.00-ге дейін және 19.00-ден 21.00-ге дейін деп реттестірген.  

Райхан РАХМЕТОВА 

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады