Айқындық пен ашықтыққа бетбұрыс

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның селекторлық кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықты бұлтартпау және алдын алу мәселелері күн тәртібінде қаралды.   

Жиынға өңірлік жүк тасымалы бөлімшелері, кадрлық және заң құрылымдық бөлімшелері, кәсіподақ ұйымдары басшыларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы Қайрат Сәуірбаев филиалдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын білдіре отырып, жемқорлық белгілеріне «нөлдік төзбеушілік», құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігін атап өтті.

Жиында құрылымдық бөлімшелер басшыларының вагонның жасанды жетіспеушілігін болдырмауға, тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге тікелей жауапты екені мәлім болды.

Қайрат Сәуірбаев, өңірлік темір жол бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы анықталған жағдайда қатаң шара қабылданатынын, тіпті филиал жетекшілерімен еңбек шартын бұзуға дейін баратындарын атап өтті.

Бұдан былай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның әрбір филиалында жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар, «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ұлттық бюро өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, семинарлар өтетін болады.

Еске сала кетсек, МҚІСҚА, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚТЖ басшылығы бірлесе өткізген жиында, Ұлттық компания басшысы Сауат Мыңбаев, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою бойынша базалық жүйелі шараларды қабылдауға толық дайын екендіктерін жеткізген болатын. Оның айтуынша, жақын күндері ұлттық компанияда мемлекеттік сатып алулар жүйесі жаңаша жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлық қатерлері мейлінше төмендейтін болады.  

Ислам ТАЛҒАТ 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?