Вагон паркінің сақталуына шаралар

Астана вагон пайдалану депосы маневрлік және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде вагон паркі сақталуын қамтамасыз ету мен ұйымдастыру бойынша биылға арналған шараларын бекітті.  

 Аталған депоның қауіпсіздік қызметі бойынша бас маманы Руслан Жангуттиновтың айтуынша, шаралар ретіне қарай алдымен барлық жауапты қызметкерлер жоспармен үш тәулік ішінде таныстырылған. Жалпы вагон шаруашылығында вагонның немесе вагон жабдықтарының ақауы анықталған әрбір жағдай мұқият зерттеледі. Зерттеу қорытындысы бойынша кінәлілер мен келтірілген шығынды көрсете отырып ВУ-25 акті толтырылады. Ай сайын Астана станциясының сұрыптау паркінде бекітілген әдіске сай вагондардың соқтығысу жылдамдығы тексеріледі. ТҚКҚ-на көрші станциялардан ақаулы вагондар келген жағдайда ДС, әскери күзет қызметі мамандарымен бірге жалпы формадағы акт толтырып, оны вагондар құрастырылған станцияға жолдау керек. Станциядан арнайы құжат бойынша кетіп бара жатқан вагондардан басқа ақаулы вагондарды жөнелтпеу қадағаланады.

 Ортақ қолданыстағы емес өндірістік кәсіпорындар жолдарынан борты ашық, ақаулы, фитинг тіреуіштері сынық, стандартқа сай емес тартымдар бекітілген, басқа да кемшіліктері бар вагондар қабылдауға тыйым салынады.

- Вагон паркі сақталуын қамтамасыз ету және технологияларды орындау үшін нұсқаулықтар мен нормативтік құжаттарды оқыту бойынша техникалық сабақтар он күн сайын өткізіледі. «ҚТЖ -ЖТ» Ақ басшылығы тарапынан бізге жіберілген жеделхаттарда вагон бөлшектері мен тауарлық-материалдық құндылықтарға қатысты вагон паркінің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар төмен деңгейде делінген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштерде көрініс тапқан, - дейді бас маман.  

Аталған қоғам басшыларының айтуынша, былтыр вагон бөлшектерінің ұрлығына қатысты 19 кемшілік анықталған. Осыған орай тасымалданатын жүк сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралардың кешенді жоспарын жасап, соның негізінде жұмыстарды жандандыруға тапсырма берілді. Құрамдарды техникалық тексеру орындарында кіре беріс жолдан қабылдап аларда тұрақ тежегіш табандар жиынтығының болуы назарға алынады. Жұмысшылардың еңбек және технологиялық ережелерді орындауы бойынша бақылауға арналған жұмыстар күшейтілмек. Шараларды жүргізу аясында ұжымдарда ұрлау салдарының қылмыстық жауапкершілікпен аяқталатынын түсіндіру үшін ақпараттық кездесулер өткізу көзделуде. Тапсырмамен әр ауысым қызметкерін таныстырып, олардың танысқаны туралы қолтаңбасын алу қолға алынуда.

  Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?