Келісім құжаттарына қол қойды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 24-25 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиында «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» халықаралық ассоциациясының тұрақты мүшелері өзара келісім құжаттарына қол қойды.


Жиынның жалпы отырысында ТХКБ-на жүктерді тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру, контейнерлік тасымалды дамыту, бағдар бойынша қолайлы тарифтік жағдай жасау мәселелері талқыланды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы, «ТХКБ» ХА» ЗТБ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Транскаспий дәлізінің әлеуетін пайдалану бойынша іске асырылатын шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. «Аталған бағдар бойынша жүк ағынын өсіру бойынша жұмысты белсендіру қажет. Біз қабылдаған шешім дәлізге жаңа қатысушыларды тартуға ықпал етуі тиіс», – деді Сауат Мыңбаев.

Ірі көліктік-логистикалық компаниялардың аталған халықаралық дәлізге қызығушылығы артуда. Мәселен, «ТХКБ» ассоциациясына негізгі қызметі мамандандырылған жылжымалы құрамды басқару, астық тасымалы бойынша көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетілімі қалыптасқан «Астық-Транс» АҚ мүше болды.

– «Астық Транс» АҚ-ның «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» халықаралық ассоциациясына мүше болудан ұтатыны, біріншіден, ол тарифтің түзілуі. Яғни, осындай үлкен халықаралық шараларға қатысу мүмкіндігі туады. Ол не береді дейтін болсақ, мәселен, түзілген тариф «Астық Транс» АҚ клиентінің сұранысына сай келмесе, ол мұны көпшілік алдында жария ете алады, ал өз кезегінде Ассоциацияның бұл мәселені қарастыру құқығы бар. Екіншіден, өзге елдердің теміржолдарында тарифтің төмендегенінен, технологияның өзгергенінен хабардар болып отырады. Шын мәнінде, бұл – бизнесті ілгерілетуге, дамып, өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін жақсы алаң, – деп ақпар берді «KTZ Express» АҚ Басқарма төрағасы Дмитрий Абдуллаев.

Ал «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев, бүгінгі жалпы жиналыстағы маңызды мәселе, ол қазақстандық ірі астық операторының ассоциацияға мүше болу екенін айтады. Оның айтуынша, «Астық-Транс» АҚ-ның мүшелікке өтуі, «ТХКБ» халықаралық ассоциациясына да тиімді болып отыр. 

«Өйткені, бұл компанияның иелігінде өте көп астықтасымалдаушы вагон бар және олар бұл бағдарды жақсы біледі, бұрын-соңды осы көлік дәлізімен жұмыс істеген. Сондай-ақ, бұл астық операторына да тиімді болмақ. Ал нақты Ақтау портына қандай пайдасы бар десек, бұл жүк айналымының, соның ішінде астық тасымалының ұлғаюы дер едім. Ал бүгін біз қол қойып отырған келісімдер, олар өте күрделі жағдайда ұзақ уақыт жасалды деуге болады. Неге десеңіз, «әр елдің салты басқа» демекші, әр елдің өз заңнамасы, ұстанымы бар, инфрақұрылымдардың дайындығы, теміржол платформаларының, кемелердің болуы, мұның бәрі осы келісімді әзірлеу барысында қарастырылды, төрт ай бойы мазасыз жұмыс жүрді, көптеген әртүрлі пікір, ұсыныстар болды, дегенмен бір консенсусқа, ортақ шешімге келдік. Бұл келісім бізге әрбір учаске бойынша жүкті жеткізудің нақты уақытын анықтап береді, уақытылы іске аспаған дүниеге айыппұл салу немесе төлеу жауапкершілігін жүктейді, яғни баршаға ортақ тәртіп орнатылады», – дейді Абай Түрікпенбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» ХА» ЗТБ жалпы жиналысының Хаттамасына қол қойылды. Шара шеңберінде басшылар, яғни «ТХКБ» ассоциациясының тұрақты мүшелері сонымен қатар келесі құжаттарға, Каспий теңізі порттары арасында фидерлік кемелердің қатысуымен тікелей халықаралық теміржол-су қатынасында контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы, ТХКБ бағдары бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру барысында жауапкершілік шаралары және өзара іс-қимыл туралы келісімдерге қол қойды. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?