Жүк тасымалындағы жетістіктер

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің теміржол желісінде жүк тасымалын ұйымдастыратын ұлттық оператор «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Тәуелсіздік қарсаңында аталған Қоғамның биылғы жылдың өткен айларында қол жеткізген жетістіктеріне көз жүгіртпекпіз.

Айталық, Қазақстан теміржолы желісінде жүк айналымының өсуі қараша айында 6,8% құраса, пайдаланымдағы жүк айналымы жыл басынан бергі 11 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 1,6% артып, 206 млрд тоннаны құраған. Жүк тиелімі өткен жылға қарағанда 3,8% артып, 22,3 млн тоннаны құрады. Коммуналдық және тұрмыстық қажеттіліктер, көмір жеткілікті деңгейде тиеліп, қамтамасыз етілген. Мәселен, қараша айында 9,6 млн тонна көмір тиелсе, соның 7 миллионы қазақстандық тұтынушыларға бағытталған екен. Осы ретте атап өтерлігі, көмір тасымалына қатысты жасалған тапсырыстарды орындау үшін жылжымалы құрам жеткілікті болып отыр. Сонымен қатар еліміздің отын-жылу орталықтарындағы стратегиялық жүктің артық қоры Энергетика министрлігімен бекітілген нормативті деңгейден жоғары екен. Ал 11 айдың жұмыс қорытындысына келсек, қаңтар-қараша аралығында 233 млн тонна жүк тиеліпті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аз-кем төмен болып отыр. Оның себебін жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар көмір, қара металл, құрылыс жүктері, астық, тартылған астық өнімдеріне қатысты жүк жөнелтушілер тарапынан өтінімдердің болмауымен байланыстырып отыр. Жыл басынан бері 93 мың тонна көмір тиеліп жөнелтілсе, соның 64 мың тоннасы ел ішіне таратылыпты. Ал астық тасымалына келсек, бұл бағытта былтырғымен салыстырғанда 13% деңгейінде өсім бары байқалады. Есепті мерзім ішінде, 9,4 млн тонна астық тиелсе, соның 3,1 млн тоннасы елде қалып, қалғаны шетел асқан. Сондай-ақ, 2,4 млн тонна тартылған астық тиеліп, оның көлемі өткен жылға қарағанда 2% артқан. Құрылыс жүктеріне келсек, жыл басынан бері 19 млн тоннадан астам жүк тиелген.

ҚТЖ-ның жүк тасымалындағы жетістіктерінің бірі деп Қазақстан мен Қытай арасындағы ТЖЫҰ Жүк тасымалы жоспарының мерзімінен бұрын орындалуын айтар едік. Яғни 2019 жылдың 15 қарашасында Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол өткелдері арқылы 2019 жылға арналған жүк тасымалы бойынша Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) Жоспары мерзімінен бұрын орындалған еді. Осы жылға келісілген тасымал жоспары 15 млн тонна болатын. Алайда, жыл басынан бері екі ел арасындағы экспорттық жүк тасымалы жоспары өткен жылмен салыстырғанда 24,8%-ке артқан болатын. Бұл екі ел теміржолшыларының күш біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақстан – Қытай арасындағы жүк ағынының қарқынды өсімін бағалай келе, ТЖЫҰ 2020 жылға жүк тасымалының көлемін 18 млн тонна деңгейінде жоспарлап отыр.

Қытай мен Қазақстан теміржол әкімшіліктерінің кездесуі барысында қол жеткізілген нәтижелерінің бірі ретінде, екі ел шекаралық өткелі арқылы тәулігіне пойыздардың рекордтық санының өтуін айтар едік. Ағымдағы жылдың 29-30 қазанында Қазақстан мен Қытайдың шекаралық стан- циялары Достық – Алашанькоу тәулігіне орташа есеппен 17 пойыз алмасты, бұл шекаралық өткелдің қалыптасу тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды. Жалпы биылғы жылы екі елдің мамандарының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара бірлесе жұмыс істеуінің арқасында тасымал көлемі 16,5 млн тоннаны құрайды деп және бұл көрсеткіш келісілген жоспардан 1,5 млн тоннаға, ал 2018 жылдың көрсеткішінен 2,5 млн тоннаға жоғары болады деп күтілуде. 

Жаңалықтар
21.04.2026
Қазақстан мен Ауғанстан теміржол саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда
Әлемде
21.04.2026
БАӘ мен Иордания Қызыл теңізге шығатын жаңа теміржол дәлізін салады
Әлеумет
21.04.2026
Теміржол паркінің 90%-ы ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға бейімделді
Аймақтар
21.04.2026
Маңғыстауда жол табаны сауықтырылуда
Аймақтар
21.04.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
ҚТЖ келбеті
21.04.2026
Оңтүстіктен – Солтүстікке: ұлы көшке үлес
Жаңалықтар / Мұрағат
21.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №30 21 сәуір 2026 жыл
Аймақтар / Инфрақұрылым
20.04.2026
Түркістан мен Сексеуіл арасындағы теміржол нысандары тексерілді
Жаңалықтар
20.04.2026
«Нұрлы жол» вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 5 тәулікке қамалды
Аймақтар
20.04.2026
Ақтөбе станциясында аса қауіпті инфекцияға қарсы оқу-жаттығу өтті
Аймақтар
20.04.2026
Кеңседен магистральға дейін: Қызылордалық теміржолшылар айналаны көгалдандыруда
Әлемде
20.04.2026
Alstom компаниясы NJ Transit үшін алғашқы Multilevel III екі қабатты моторлы вагонын жеткізді
Әлеумет
18.04.2026
Әлеуметтік қолдау: теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды
Жаңалықтар / Инфографика
17.04.2026
Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғырту: өткізу қабілетінің өсуі және цифрлық басқару
Әлемде
17.04.2026
Қытай экспресс-жүк пойыздарының санын арттыруда
Жүк тасымалы
17.04.2026
15 жылда Алашаңқай арқылы 53 мың пойыз өткен
Жаңалықтар
17.04.2026
ҚТЖ және Astana IT University цифрландыру және жаңа буын кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті нығайтуда
Трансформация
17.04.2026
Оқу орнынан – өндіріске
Аймақтар
17.04.2026
Межелі жұмыстар атқарылуда
Аймақтар
17.04.2026
Жамбылда теміржолшы-энергетиктерге арналған демалыс аллеясы ашылды