Жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылып отырғанын мәлімдейді. Темір жолдарды жаңғырту осы жылы сәуір айында басталды. Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін, жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған. Жөндеу штаттық тәртіпте, кешіктірілмей жасалуда. Коронавирус инфекциясымен күрес аясында барлық қауіпсіздік шаралары ескеріліп отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ келтірілген ыңғайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және жұмыстарды тезірек аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын хабарлайды. 2001 жылдың 8 желтоқсанындағы ҚР «Темір жол көлігі туралы» заңының 80-бабы 3-тармағына сәйкес жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін айыппұл төлеу қарастырылған: 80-бап. Жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждарын жеткізу мерзімінің бұзылғаны үшін жауапкершілік. 3-т. Теміржол станцияларына жолаушы тасымалдап бара жатқан жолаушылар пойыздары кідіртіліп жөнелтілсе және кешігіп келсе, тасымалдаушы жолаушыға жол жүру құжаты (билет) құнынан 3 пайыз көлемде кешіккен әр сағат үшін айыппұл төлейді. Бұл ретте кешіктіру мен кідіруіне қандай да бір басқа күштің салдары себеп болғанын дәлелдей алмаса, жолаушыларға шығынын өтеп береді. Өндірілген айыппұл сомасы жол жүру құжатының құнынан асып кетпеуі керек. Жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін төленетін айыппұл тасымал ережелеріне сай жолаушылар арызы бойынша төленеді. Өтемақыны алу үшін жолаушы вокзалдағы кезекшіден жол жүру құжатына міндетті түрде пойыздың кешіктірілгені туралы белгі соқтырады. Әрі қарай жолаушы сол құжат арқылы, сонымен қатар жеке куәлігін алып «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кез келген кассасына барып, заң бойынша өзіне тиесілі өтемақыны алады.
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?