Көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған семинар өтті

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылдағыдай өз қызметкерлеріне арнап оқу семинарын өткізді. Бұл жолы тақырып көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналды. Семинарға компанияның орталық аппаратының және аймақтардағы филиалдарының басшылары қатысып, оларға алдымен акционерлік қоғамның бас директоры Питер Штурм кәсіпорынның даму стратегиясын баяндап берді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының айтуынша, компания жұмысының негізгі қағидаттарына клиентке бағдарланған нақты тәсілдерді, клиент пен олардың қажеттіліктерін білу жатады. 2022 жылдан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырушылық моделінің кемелденген 3-ші деңгейіне жетуге ұмтылады. Компанияның болашақтағы межесі – клиентке бағдарлану, көлік қызметі нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

– Бүгін біз компаниядағы түрлі деңгейдегі басшыларға арналған сессиямызды бастадық. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында бұл шараны біз жылына екі рет өткізіп тұрамыз. Мақсат – тұтастай компания шеңберінде коммуникация қалыптастыру. Бүгін стратегиямызды таныстырып, оның түрлі бағыттарын бағамдайтын боламыз. Бизнес модельдердің өзгерісі, хаб жүйесін құру, интермодальды тасымал, цифрландыру мәселелері де сөз болады, – деп бастады сөзін Питер Штурм.

Бүгінде жолаушылар пойыздары Қазақстан бойынша да, көрші елдер арасында да қатынайды. Болашақта «Үйден межелі жерге дейін» деген қызметті енгізу, клиенттер сұранысын қанағаттандыруға бағдарлану көзделіп отыр. Зерттеулерге сәйкес жолаушылардың 75 пайызы купе немесе плацкарт вагондарды, яғни анағұрлым арзан кластағы вагондармен саяхаттайды.

– Біз Қазақстанның көліктік әлеуетінің негізін құраймыз және еліміздің кез келген нүктесіне және кері бағытта, сонымен қатар халықаралық кейбір бағдарлар бойынша межелі орындарға жайлы, қауіпсіз, экологиялық жағынан таза қалыпта жетуін қамтамасыз етеміз. Ел өңірлерін біріктіріп, мобильділікке қол жеткізуге ықпал етеміз, – деді бас директор.

Оның айтуынша, парктерді басқарудың бірыңғай функциясы жасалатын болады. Ол үшін маркетинг бөлімі анықтаған талаптар негізінде пойыздар қозғалысы жолдарын жоспарлау, пойыздар қозғалысы кестесін бекіту, филиалдармен бірлесе отырып пойыздардың жалпы орналасуын реттеу көзделеді. Сонымен қатар вагондардың техникалық олқылықтарымен байланысты барлық деректерді жинау, кемшіліктер туралы статистика құру, кемшіліктер мен себептер талдауы, техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда барлық қызмет түрлері бойынша тұрақты тексерулерді бастау, үдеріс тиімділігі аудитін бастау жоспарланған.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті