2029 жылға дейін тасымалдаушы вагон паркі еуропалық үлгіде жаңартылмақ

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымал қызметін жақсартудың жаңа стратегиялық жоспарын дамуға кірісіп кетті. Жаңа жоспарға сәйкес 2029 жылға дейін тасымалдаушы вагон паркі еуропалық үлгіде жаңартылмақ. Осы орайда, елімізде отбасылық және әйел адамдарға арналған вагон қызметін іске қосу жобалары пысықталып жатыр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурмның Ақтөбе қаласының темір жол вокзалында қызметкерлермен кездесіп, компанияның ұзақ және қысқамерзімді жоспары мен мақсаты туралы баяндауы барысында білдік. «Қазіргі таңда жолаушылар тасымалында 2 мыңнан аса вагон бар. Олардың біразын жаңалау қажет. Сервистік қызмет сапасын арттыру мақсатында екі стандарт әзірленді: жолаушылар пойыздарын санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықтау мен ішкі клининг және жолаушылар пойыздарын жабдықтау. Соңғы үш айдың өзінде үлкен өзгеріс бар», – деді Питер Штурм. Батыс аймақтық жолаушылар тасымалы саласында жүрген қызметкерлер алдында жетістіктер баяндалып, ұсыныстар тыңдалды. Талқылау, сауалнама, кері байланыс арқылы жетістікке жету жолдары түсіндірілді. Осыған дейін жолаушылар тарапынан жиі шағым айтылған тазалық жұмыстары бір ізге қойылғаны айтылды.

«Қазір вагондардағы ішкі тазалық жұмыстарының сапасы жақсарды. Оны сауалнама кезінде жолаушылар да жоққа шығармады. Осы тұста төсек жаймалары туралы да айта кетейік, жолаушыларымыз дән риза. Төсек жаймаларының да сапасы жақсы, тіпті еуропалық стандарттан асып түсті десем, асыра сілтегендік емес. Мен сіздердің әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, сервистік қызмет көрсетіп жүрген мамандардың тиянақтылығы үлкен маңызға ие», – деді ол.

Жалпы жолаушылар тасымалы қатынасын жақсартуда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ауқымды жобаларды қолға алып отыр. Ең алдымен ескірген вагондарды жаңалауға көшті. Сонымен қатар, басшы алдағы уақытта ерекше вагондардың іске қосылатынынан құлағдар етті. «Қазір отбасылық вагондарды қосу мәселесі талқылану үстінде. Бұл отбасымен жолға шыққандарға, яғни немерелерімен жүрген қарт адамдар мен балалы аналарға ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, болашақта тек әйелдерге арналған вагонды іске қосу да жоспарда бар. Осы мәселе хақында сіздердің қандай ұсыныс-тілектеріңіз бар. Ұсыныс айтудан қалыс қалмаңыздар. Барлық идеяларымыз кезеңкезеңімен іске асатын болады. Біз жолаушылардың мұқтаждықтарын әлі де терең зерттеп, біле түсуіміз қажет. Карантиннен толық құтылсақ, Қазақстанның барлық қаласында жолаушылармен жұмыс жүргізіп, оларды пікірталас жүргізуге шақырғымыз келеді. Онлайн сауалнамалар болады және жолаушылар айтқан барлық өтініш ескеріледі», – деген Питер Штурм, классикалық парктің вагондарына дәретхананың жаңа модулін енгізу Ақтөбе, Алматы, Қарағанды қалаларында жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді