Мақаттағы теміржолшыдардың дені ұрпақтар сабақтастығын сақтай білген жандар

ҚТЖ келбеті
11.11.2021, 11:02
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мақат станциясы теміржолшылар мекені десек, қателеспейміз. Мұнда екінің бірі теміржолшы немесе солардың тікелей ұрпағы. Үш бағытқа – Мақат-Сағыз, Мақат-Бейнеу, Мақат-Атырау тармақтарына қызмет көрсететін тораптық станция ауқымы үлкен, шаруашылығы да күрделі. Станцияда он жолы бар сұрыптау дөңесінің жұмысы тәулік бойы бір тынған емес. Онда вагондарды тарату процесі 6-10 жолдар аралығында орындарын ауыстыру есебінен жүргізіледі, содан кейін дөңеске шығарылады. Барлық жолдар электр орталығына қосылған. Бүгінде станцияда тәулігіне орташа есеппен 28 жылжымалы құрама келіп-кетсе, 2 мыңға жуық вагон жан-жаққа таратылады. Талай жылдық тәжірибесі бар мамандардың көбі, әрине, теміржолшылар әулетінен шыққан, көзін ашқалы көргені теміржол болғандықтан, сала жұмысын бес саусақтай меңгерген бесаспап теміржолшылар екені бесенеден белгілі. Мысалы, бүкіл қозғалыс көрініп тұрған үлкен табло алдында отырған Жанәділова Әсемгүл – Арыс қаласындағы теміржолшылар колледжінің түлегі. Еңбек жолын белгі беруші болып бастаған ол бірнеше жыл дөңесалды паркінің кезекшісі болды. Мұнда парктегі вагондарды уақтылы сұрыптап, бөліп отыру қажет. Ондағы жұмысын тиянақты атқарған маманға сенім артылып, 2018 жылы станция кезекшісі қызметіне ауыстырылады. Күні бүгінге дейін сол қызметін адал атқарып келеді. Әсемгүлдің анасы Гүлбаршын апа да өмір бойы вагон пайдалану депосында еңбек еткен, бүгінде зейнеткер. Динара Жұмабайқызы да ата-анасының жолын қуып, теміржолшы болыпты. Әкесі машинист көмекшісі болса, анасы вагон жөндеуші болып қырық жыл еңбек еткен. Динара да белгі беруші болып еңбек жолын бастапты. Содан соң парк кезекшісі, соңғы бес жылда жүк паркінде станция кезекшісі қызметін абыроймен атқарып жүр. Отбасылы, жолдасы да Мақат қалпына келтіру пойызында жұмыс жасайды.

«Станцияда күніне 23-25 жүк пойызын, 10-12 жолаушылар пойызын қабылдап-жөнелтеміз. Жұмысым өзіме ұнайды. Мен бұл мамандықты жүрегіммен таңдағанмын» дейді ол.

Ермұратов Нұрман – Ақтөбе көлік және жаңа технологиялар колледжінің түлегі. Отызды алқымдаған жас жігіт еңбек жолын вагон қозғалысын реттеуші болып бастапты. Бұл ауыр да қауіпті жұмыс, асқан ептілікті қажет етеді. Дөңестен құлдилап келе жатқан вагондарды әр бағытқа таратып-бағыттап отыру оңай емес. Осыған бір жылдай машықтанған соң ол пойыз құрастырушы болып ауысады. Мұны да екі-үш жыл әбден меңгерген ол станция кезекшісі қызметін атқаруға көшеді. Ал бүгінде Нұрман станциясында диспетчер болып абыройлы еңбек етуде. Сөйтіп ата жолын жалғастырып келе жатқан жайы бар. Атасы Қапан Сағыз станциясында вагон шаруашылығында еңбек еткен екен, ал әкесі Әжіғали Шұбарқұдық станциясында машинист. Міне, қатар отырып, Мақат станциясының пойыздар қозғалысына жауап беріп отырған үш маман да теміржолшылар әулетінің еңбек жолын жалғастырып келе жатқан нағыз майталмандар. Ауысымға түскеннен үшеуінде де тыным болмайды: қай пойыз келді, қайсысы қай жерде тұр, қайдан келеді, қайда барады, қай вагонды қалай бағыттау керек, тағысын тағы, қысқасы, станция басындағы қарбалас тірлік 12 сағат бойы бір толастамайды...

Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Қарбаласқа толы күн
Жолаушылар тасымалы
09.03.2026
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
Трансформация
08.03.2026
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Шынайы құрметке лайық
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Еңбек жолы – өнеге
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Қауіптің алдын алды
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Үздіктер қатарында
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Батыл шешім бағаланады
Жолаушылар тасымалы
08.03.2026
ҚТЖ пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды
Жаңалықтар
08.03.2026
Талғат Алдыбергенов теміржолшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет