«Құрмет» орденінің иегері Ерлан Тайбеков жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
07.11.2025, 08:38
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы Теміржолшылар күні қарсаңында бір топ теміржолшы Ақордада Мемлекет басшысы қолынан әртүрлі дәрежедегі марапат алды. Солардың қатарында «Құрмет» орденінің иегері атанған Ерлан Тайбеков бар.

Ерағаның темір жолда тер төгіп, еңбек көрігін қыздырып жүргеніне қырық жылдан асыпты. Мектеп бітірген соң Семейде теміржол училищесіне түсіп, машинист көмекшісіне оқып жүрген жас көп кешікпей Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылып, оқуы аяқталмай қалады. Әскерден оралған соң жол дистанциясына монтер болып жұмысқа тұрады. Біраз уақыттан соң Ақтоғай станциясындағы қалпына келтіру пойызына кран жүргізушісінің көмекшісі болады. Араға жылдар салып бұл жұмысы қысқартылып, Ерағаң ПТО-ға вагон қараушы болып кіріп, жаңа еңбек жолын бастайды.  

– Міне, осы вагон шаруашылығының өзіне азды-көпті ғұмырымның 39 жылын арнаппын. 1986 жылдан 2001 жылға дейін Ақтоғай станциясында вагон қараушы болдым. 2001 жылы Үштөбе станциясына көшіп келіп, жұмысымды жалғастырдым. 2019 жылдан бастап аға вагон қараушы, ауысым жетекшісімін. Ауысымда операторды қосқанда 12 адам бар. Осылайша шағын ұжым болып ауызбіршілікте, ұйымдасқан түрде келіп-кетіп жататын пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген жайымыз бар, – дейді Ерлан Мыңбайұлы.  

Айтуынша, Үштөбе станциясының өзінде бір ауысымда 20 пойызды тексеріп жібереді. Оның ішінде жүк, жолаушы пойыздары бар. Қазір елдің челлендж қылып, 10 мың қадам немесе 7-8 км жүріп өту ұстанымын вагон қараушылар үш есе орындап, әр ауысымда вагондарды тексеру арқылы 10-15 км жолды артқа тастап жүр. Кейіпкеріміз қазір жалпы теміржолда, соның қатарындағы вагон шаруашылығында да жаңа технологиялардың енгізуі нәтижесінде жұмыстың біразы жеңілдеп, жақсарғанын айтады.  

– Бұрындары біз өзімізбен 40 келі шамасын құрайтын асай-мүсейімізді арқалап жүретінбіз. Олар – домкрат, подшипник, колодка, тағысын тағылар. Бұл заттарды алып, күніне 5-6 пойыз астынан өтетінбіз. Вагондарды балғамен ұрып тексеретін болғандықтан, теміржолдағы өзге шаруашылықтағы әріптестеріміз бізге әзілдеп, «стукачтар» дейді. Сол тоқылдатудың арқасында талай мәрте жұп доңғалақтардан жарықшақтар, бүйір рамаларынан ақаулар таптым. Осы еңбегім ескеріліп, былтыр «Кәсібі бойынша үздік» атандым. Ал биыл «Құрмет» орденін кеудеме тақтым. Еңбегімді елеп, жоғары дәрежелі марапатқа ұсынған «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Алматы ЖТ бөлімшесі басшылығына үлкен алғыс айтамын, – деп түйіндеді сөзін кейіпкеріміз.  

Ерлан Тайбеков жас мамандарға тәлімгерлік етіп жүрген тәжірибелі маман. Биыл 30 жылдан аса еңбек еткені үшін арнайы значок-белгіше мен бір реттік сыйақы алыпты. Тәлімгерлік еткені үшін де жалақыға қоса үстеме ақы қосылған. Жыл сайын ұжымдық шарттағы жеңілдіктерді пайдаланып, еліміздің шипажайларында денсаулығын нығайтып жүр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты