Тәуелсіздік алған жылы туған атыраулық маман атакәсіпті лайықты жалғастырып келеді

ҚТЖ келбеті
22.12.2021, 10:44
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік құрдастарының бірі Асылбек Аманжанұлы біраз жылдардан бері Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясында СЦБ электромеханигі болып еңбек етіп келеді. Ол 1991 жылдың ызғарлы желтоқсан айында дүниеге келіпті. Айтуынша, тәуелсіздікпен түйдей құрдас жас жігіт теміржолшы болам деп бала кезден шешіп қойған.

– Өйткені әкем Аманжан мен анам Марияш – бүкіл өмірін темір жолға арнап, зейнеткерлікке жеткен жандар. Біз тұратын Мұқыр станциясында басқа жұмыстың реті де көп емес. Әкем қазіргі мен секілді байланыс саласында электромеханик, анам вагон саласында еңбек етті. Сондықтан менің де тағдырым теміржолмен сабақтасатыны бала кезден белгілі болды. 2009 жылы орта мектепті бітірген соң, Ақтөбе қаласындағы темір жол колледжіне оқуға түсіп, оны автоматика, телемеханика және жолдағы қозғалысты басқару мамандығы бойынша 2012 жылы бітірген жас ауылға келген соң, бірден мамандық бойынша жұмысқа тұруға мүмкін болмай, әртүрлі жұмыстарда жүргенін айтады. Тек 2015 жылы қаңтар айынан бастап Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясына жұмысқа орналасып, содан бері алған білімін кәдеге жаратып келе жатқан жайы бар.

– Жұмыстың оңайы болмайды, өйткені жауапкершілік деген ұғым бар, соны әрдайым жадыңда ұстау керек. Жұмысыңа жауапсыз қарасаң, еңбегің зая кетеді, абыройдан айрыласың. Әркім өзінің міндетін, жұмысын дұрыс атқарса, сол үлкен абырой деп ойлаймын. Менің міндетім – темір жол бойындағы байланыстың үзілмеуін қамтамасыз ету. Кенбай станциясы мен 279 разъезд аралығын бақылауда ұстаймын, ортада Жантерек, Мұқыр станциялары бар. Міне, осы телімде бағдаршам, бұрмалардың жұмысы, релелік, батареялық шкафтар, аккумуляторлар, басқа да байланыс пен белгі беру құрылғыларының қалыпты жұмыс жасап тұруы біздің мойнымызда. Осының бәрі қозғалыс қауіпсіздігін сақ- тауды қамтамасыз етеді. Байланыс жақсы болса, біздің де ұйқымыз тыныш, көңіліміз жай, – дейді жас маман.

Отыз жасқа енді толған жігіт отбасылы, әйелі Ботакөз мұғалім, ағылшын тілінен сабақ береді. Үш баласы өсіп келеді. «Жалпы өзіміз отбасында алты баламыз. Мен – төртіншімін. Теміржолда екі апам, мен және інім төртеуміз еңбек етеміз. Әсия – радиобайланыс маманы, Әлия вокзалда кассир, інім Ақылбек – Теңдік станциясында мен секілді электромеханик. Теміржол – біздің сүйікті саламыз. Ата- әжеміз, ата-анамыз – осы салада маңдай тер, адал еңбекпен күнін көрген жандар. Біз – солардың мұрасын жалғастырушы ұрпағымыз», – деді мақтанышпен. Орда бұзар отыз жасар жігіттің болашағы алда, ата-анасының жолын абыроймен жалғап, теміржолшы кәсібін қастерлеп отырған өнегелі ісін көріп ұрпақтар сабақтастығы осылай өрбісе керек деп ойға қалдық. Жарайсың, Ақжайықтың Асылбегі!

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды