Сыйластықпен өрілген өмір

ҚТЖ келбеті
01.05.2026, 12:30
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Локомотив шаруашылығындағы 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен тәжірибесі бар Владимир Шебалиннің Павлодар локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеп жатқанына бірнеше жыл болыпты. Бірақ осы уақыт ішінде ол ұжымға «тастай батып, судай сіңіп» үлгерді. Ұжымға ғана емес, өзі туып-өскен елге, қазақ деген халыққа етене сіңіскен.

ладимир машинист Ержан Оразбаевпен бірге Павлодар – Дегелең бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының қозғалысына жауапты. Екеуі де бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысының тумасы. Әдетте локомотив бригадасының мүшелерін мінез-құлық, тағы басқа критерийлер бойынша жұптастырады. Бұл жерде де Владимир мен Ержанның бірге жұмыс істеуіне психикалық тест нәтижелерінің үйлесім табуы ықпал еткен. Жерлестіктің еш қатысы жоқ екен. Екеуінің арасында үлкен сыйластық, өзара терең түсіністік орнаған.  

Владимир әскери қызметкер Константин Шебалиннің отбасында дүниеге келген. Тепловоз машинисі көмекшісі мамандығын өз көңіл қалауымен таңдапты. Аягөздегі политехникалық колледжді бітіріп, біраз жыл жекеменшік компанияда тепловоз машинисінің көмекшісі, одан екі жылдай машинист болып жұмыс істеген жылдары нағыз тәжірибе мектебі болды.  

«Қазақстан темір жолы» компаниясындағы еңбек жолы 2023 жылы басталады. Бастапқыда Дегелең станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек етіп, бір жылдан соң Павлодар локомотив депосына өз мамандығы бойынша ауысқан екен. Қызметіне көңілі тоқ. Жолаушылар пойызын басқарудың жауапкершілік жүгі он атан түйеге артылған жүкпен бірдей болса да, келешекте тепловоздың оң қанатына отырып, машинист болу арманы. Қолы қалт еткенде білімін жетілдіруге асығады. Отбасымен бірге көңілді кештер өткізгенді ұнатады. Қазақ тілін қалай үйрендің деген сауалымызға:  

– Мен Аягөз қаласында туып өстім. 5-сыныпқа дейін қазақ тілін мүлдем білмедім, орыс мектебіне бардым. Әке-шешем де орыс. Қазақ тілі пәні бойынша тапсырмаларды орындауға қиналып, қазақ досымнан көмек сұрайтынмын. Бірде бізге Индира Орынкенқызы деген қазақ тілі пәнінің мұғалімі келді. Ол кісі сабақты керемет түсіндіретін. Қазақ тіліне деген қызығушылығым күрт оянды. Ұстазымның көмегімен қазақ тілін жақсы меңгере бастадым. Ал колледжде қазақ тобына жазылып, екі жылда таза сөйлеп, қызыл дипломмен бітірдім. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өткен жылы мемлекеттік тілге қатысты байқау өтті. Сонда біз Павлодар командасы үшінші орын алдық. Қазақ тілін білгенім, ұжымда да, әріптестерім арасында да беделімді арттырып, сыйластығымызды нығайтты. Жұмыс барысында 913-бұйрыққа сәйкес сөйлесу регламентінде қазақша сөйлесеміз, – деп сыр ақтарды Володя.  

Тіл білгенінің арқасында қазақтың Айнұр деген әдемі аруының жүрегін жаулаған кейіпкеріміз бүгінде жан жарымен Томирис, Темірлан есімді ұл мен қыз өсіріп отыр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты