Қазалылық вагон қараушы жаңа технологиялардың ақауды анықтауда тиімділігі зор екенін айтады

ҚТЖ келбеті
01.02.2022, 11:45
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Ербосын Нұрмағанбетовтің еңбек өтілі жиырма бес жылдан асты. Ширек ғасыр бір мекемеде жұмыс жасап келе жатқан жігіт ағасы – өз ісінің шебері атанған тәжірибелі теміржолшы.

Әкесі өмір бойы жол шаруашылығында еңбек етті, жолшы болды. Әке жолын қос ұлы жалғастырып, Ербосын вагон шаруа- шылығына бет бұрса, інісі Талғат бүгінде машинист көмекшісі. Қазалылықтар «Тәшкенбайдың қос ұлы әкелері секілді тиянақты да тындырымды азаматтар болды» дейді. Одан асқан абырой бар ма?!

Жаңақорған станциясында 1968 жылы дүниеге келген Ербосын Тәшкенбайұлы мектеп бітірген соң аудандағы училищені механизатор мамандығы бойынша оқып бітіріп, 1989 жылы әскерден келген бойы Бірлік қой шаруашылығы бірлестігінде жұмыс істепті. Тоқсаныншы жылдардан соң ауыл ша- руашылығынан маза қашып, совхоз-колхоздар тарай бастаған соң теміржолға бет бұрады. Жолаушылар вагонын жөндеу депосында бірнеше жыл еңбек еткен соң,1997 жылы осы Қазалы вагон депосына жылжымалы құрамдарды жөндеуші слесарь болып ауыса- ды да тапжылмай 25 жыл еңбек етіп келеді. Бүгінде 5-разрядты вагон қараушы-жөндеуші.

– Ербосынмен бірге жұмыс жасап келе жатқаныма талай жыл болды. Ол – ұжымдағы өз жұмысын жақсы меңгерген тәжірибелі де сенімді маманның бірі, – деді депоның Қызылорда станциясында техникалық қызмет көрсету қосынының басшысы Рүстем Ұзақбаев.

Бекетке аялдаған жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету кезінде Ербосын секілді тәжірибелі вагон қараушылар пойызды қауіпсіздік бекетінде күтіп алып тұрып қай вагонның қалай келе жатқанын оның доңғалағының айналымына, дыбысына қарап-ақ сезеді деген сөз бар. Рас шығар, жылдар бойы қалыптасқан дағды мүмкін, сонымен қатар интуиция деген бар.

– Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға үлес қосу – біздердің басты міндетіміз. Ешкім іштен біліп тумайды, оқу мен тоқу, шеберлік тәжірибемен келеді. Қазір вагоншылар жұмысы өндіріске жаңа технологияның енгізілуімен әлдеқайда жеңілдеді. Мысалы, қазіргі қолданыстағы КТСМ құрылғысының ақауды анықтауда көмегі мол, – дейді Ербосын Тәшкенбайұлы.
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда