Бейнеулік келіншек қаржыгер мамандығын теміржолшыға ауыстырғанына өкінбейді

Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Біреудің босағасын аттарда қыз балаға айтылатын «Барған жеріңе тастай батып, судай сің» деген сөз бейнеулік Гүлбануға әсер еткені соншалық, тіпті мамандығын да өзгертіп жіберген. Экономист қыз теміржолшы болып шыға келген. Теміржолшы болғанда да аптап ыстық пен қақаған суықта күні-түні вагондардың арасында табаннан тозып жүретін жұмыста.

  Бұл – Бейнеу станциясында еңбек ететін Гүлбану Ақшабаеваның таңдауы. 20 жасында отау құрған ару бүгінде отағасымен бірге 4 перзент тәрбиелеуде. Ұл-қыздарының алды 14, кішісі 2 жаста. Баланы да бағып, ата-ене мен күйеуінің көңілін тауып, жұмысына қоса кәсібін дөңгелетуде. Гүлбану Бейнеудегі жолаушылар тасымалы және жүк-багаж, билет кассалары ревизоры Мырзабай Жұманиязовтың үйіне келін болып түсіпті. Өмірлік серігі Әділ ол кезде жолаушылар пойызында жолсерік болған. Бүгінде машинист көмекшісі. Көп ұзамай жастардың тұңғышы дүниеге келіп, бала тәрбиесімен үйде отырған жас ана мамандығы бойынша банктен шақырту алады. Жұмысқа шығып, заңды тұлғаларға қызмет көрсетуде жетістікке жетіп, «Ең шапшаң кассир» сайысында Қазақстан бойынша үздік үштікке енеді. Қомақты сыйақы алады.

– Банк саласы ұнайтын, өз мамандығым ғой. Бірақ күнімен жұмыста тапжылмай отырасың. Ешқайда шыға алмаған былай тұрсын, отбасыңа көңіл бөлуге уақыт табылмайды. Әйел, ана, келін болғасын өз міндеттерің бар. Қайын атам, жолдасымның жұмысын көріп, біліп жүрмін. Ойлансам, балаларға жазда лагерь, жаңажылдық сыйлықтар, санаторийге жолдама, медициналық сақтандыру, жылына бір берілетін сыйақысы бар тәп-тәуір жұмыс. Сырттай оқуға түсіп, Бейнеу станциясына құжаттарды тасымалдау операторы болып орналастым. Банктегідей саялы жерде, компьютердің құлағында отыру қайда? Аяққа етік, үстіме сары жилет берді. Теміржолға алып шығып, анау тұрған пойыз вагондарының бәрінің нөмірін жазасың дегенде шошығаннан көзім бақырайып кеткен, – деп күледі Гүлбану.

Сөйткен Гүлбану өз міндетін бірден игеріп, қашықтығы бір шақырымды құрайтын жүк пойыздарына рекордтық жылдамдықта қызмет көрсететін ең мобильді қызметкер атанған.

– Бір күні түнгі кезекке түстік. Жаңбыр төбеден шелектеп құюда. Ал бізге жұмысты тоқтатпау, қайткенде де құрамның нөмірін жазу керек. Үстіміз малмандай су. Плащтің астын көлегейлеп жүріп жазып шықтым. Маңғыстаудың табиғаты түрлі тосынсый ғой, шаңды дауылды күндері бұдан да қиын сәттер болады. Кейін АСУ операторы болып ауыстым. Мұнда бұрынғыдай аяқ емес, ми шаршайды. Түнімен 15-18 пойыз қабылдап-жөнелтеміз. Вагон нөмірінен, пойыз салмағы мен ұзындығынан қателеспеу керек. Станцияға кірген-шыққан пойыз уақытында компьютерге енгізілуі қажет. Сондай аласапыран жұмыстан соң ауысымнан шығып демалғанның өз рахаты бар, – дейді кейіпкеріміз.

Гүлбану бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан темір жолы арасындағы түйіспе станцияда пойыз қабылдаушы. Көрші ел теміржолшыларымен бірлесіп пойыздарды қабылдап, тексеріп, тапсырады. Бейнеуден жұмысына таңертеңгі 7:30-да пойызбен жолға шығып, 10:30-да жетеді. Күніне 5-7 пойызға дейін қызмет көрсетеді. Бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демалады.

– Гүлбану 2015 жылдан бері бізде еңбек етеді. Жұмысына мұқият, сауатты қыз. Ұжымның қолқалауымен биыл «Теміржол аруы-2022» конкурсына қатысуда. Жеңіске жетсін-жетпесін маңызды емес, біз үшін теміржол аруы Гүлбану, – дейді Бейнеу станциясы бастығының орынбасары Нұрмұхамбет Жандәулетов.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті