Инемен құдық қазғандай...

ҚТЖ келбеті
02.08.2022, 13:52
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының аға электромеханигі Қазыбек Орынбасар – өзі еңбек ететін ауданда танымал теміржолшылардың бірі. Темірдей тәртіпке бағынған салада еңбек етіп, нағыз теміржолшының жағымды имиджін қалыптастырған аға буын. 

Шалқар ауданы Тоғыз станциясында туып өскен. Шағын станцияда әр үйді бір-бір теміржолшы асырайды. Әкесі Ідіріс Орынбасарұлы «Құрметті теміржолшы» атанған, ауыл-елге беделді азаматтардың бірі болды. Бар өмірін қазақ жеріне келген теміржол саласының өркендеуіне арнаған жан балаларын жастайынан еңбекке баулып өсірді. Әке тәрбиесін бойына сіңіріп өскен Қазыбек ағамыздың басқа кәсіпті таңдауы мүмкін емес еді. Ағасы, бауырлары да әке жолын қуып, теміржолшылар династиясын қалыптастырды. 

Қазыбек Ідірісұлының жалпы еңбек өтілі бүгінгі таңда 41 жылды құрайды. Оның 25-інде аға электромеханик болды. Шалқар байланыс дистанциясының СТБ -7 бөліміндегі он адам Шалқар, Сексеуіл, Тоғыз станциялары аралығындағы бұрмалар мен бағдаршамдардың мінсіз жұмысына жауап береді.   

– Ертелі-кеш жұмыстың басында жүреміз. Теміржолда оңай кәсіп жоқ, ауырдың үсті, жеңілдің астымен күнелткісі келетіндер аулақ жүрсін дейміз. Соның ішінде біздің белгі беру және байланыс саласының жұмысы – инемен құдық қазғандай. Өн бойынан тоқ өтетін сым тетіктердің «тілін тауып», жұмыс істеу оңай емес.  Жауапкершілігі мен қауіп-қатері тағы бар. Жолшы да, вагоншы да, қозғалысшы да, байланысшы да, локомотивші де, бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы, жүк және жолаушылар тасымалының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге  жұмыламыз. Әр теміржолшының ортақ қазанда тамшыдай үлесі бар. Бәрі қосылып сол қазанды қайнатып отыр,  яғни ел экономикасының дамуына үлес қосып отыр. Міне, осы міндетті мүлтіксіз атқару үшін әрбір теміржолшыдан жауапкершілік талап етіледі, – деп философиялық түйін жасады аға электромеханик Қазыбек Ідірісұлы.

Қазыбек Орынбасар жолдасы екеуі жеті бала тәриелеп өсірді. Бүгінде бәрі әр салада еңбек етіп, отбасыларын асырап жүр. Тек бір қызы ғана өз жолын жалғастырып теміржолшы болды. Оған түк те ренжімейді.

«Біз кезінде шағын станцияда өстік, әкеге қарап өстік, теміржолшыдан асқан мамандық жоқ деп білдік. Ал бүгін жастардың жолында алуан түрлі таңдау тұр. Басқа саланы таңдай ма, бәрекелді дейміз. Тек адаспай жолын тапса болды. Дистанцияға келген жастарға да осыны айтамын, тек теорияны оқып келген жастар кейде практикаға келгенде шорқақтық танытып, өздерінің мамандықты дұрыс таңдағанына күмәнданып жатады. Оларға ерінбей-жалықпай өндірісті үйретіп, маман етіп тәрбиелеп шығару – біз сияқты аға буынның міндеті», – деп санайды тәжірибелі теміржолшы.   

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды