Қашағанға қызмет көрсетеді

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қарабатан станциясы бұрын бес-ақ адам жұмыс жасаған шағын ғана разъезд болатын. Сол маңда «Болашақ» зауыты ашылып, станцияның бағы ашылды. Яғни Қашаған кен орнынан келген мұнайды өңдейтін зауыттың салынуына байланысты станция ауқымы кеңейіп, жұмыс күрт артты.

Станция ғимараты жаңадан салынып, жұмыс орындары ашылып, бүгінде 40 шақты теміржолшы еңбек ететін станцияда қызметкерлерге жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, жүк кассирлері, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторлары, жүк-багаж қабылдаушы және т.б. мамандар бар. 

Қазіргі уақытта 11 жол торабы бар және 2 зауыттың әрқайсысына кірме жол тартылған станция толық жарақтандырылған, СОБ, КТСМ құрылғылары ақаусыз жұмыс жасауда. Жолдар жарық шамдармен, ал белгі берушілер, пойыз құрастырушылар сөйлесу құралдарымен қамтылған. Гүлжамал Таженова ширек ғасырға жуық уақыт осы Қарабатан станциясында станция кезекшісі болып жұмыс жасайды. 1964 жылы осы ауылда теміржолшы отбасында дүниеге келген Гүлжамал мектеп бітірген соң Гурьев темір жол техникумына түседі. Бітірген соң еңбек жолын Атырау жол дистанциясында жол технигі болып бастайды. Жолшылардың жұмысы ол кезде күні-түні жалғаса беретін. 

Гүлжамал да уақытпен санаспай жұмыс жасауға үйренеді. Әкесі Еділбай жол монтері болып, анасы Қанжан бағыттама бұрмашы болып зейнетке шыққанға дейін қызмет еткен үлкен ұжымда еңбек ету қиын да қызықты болды, жұмысшылардың еңбек сағаттарын жазады, үнемі бірге жүреді. Өндірістен қол үзбей Атырау политехникалық институтын сырттай оқып бітіреді. 1989 жылы Қарабатан станциясына кезекші болып ауысып, міне содан бері табан аудармай еңбек етіп келеді.  

– Зауыт құрылысы басталған сәттен бастап біздің Қарабатан станциясының жұмысы қайнап сала берді. Зауыт құрылысына 20 мыңнан астам адам қатысты, 56 000 тонна металл құрастырмалар, шикі және тауарлы мұнайды, сондай-ақ газды сақтайтын резервуарлардың 7 700 тонна құрыш құрастырмалары монтаждалды. Бұдан басқа әкімшілік ғимарат, жатақхана, асхана, т.б. көптеген нысандар салынды. Соған қажетті материалдың бәрі әрине пойызбен тасымалданып, станцияға толассыз жеткізіліп жатты. Зауыт толық қуатымен жұмысын бастаған 2017 жылдың қазан айынан бастап станция арқылы алыс шет елдерге вагондар арқылы күкірт тасымалдана бастады. Күні бүгінге дейін Кавказ, Ресей теміржолдары арқылы жөнелтілуде. Қазіргі уақытта күніне 60 вагон күкірт тиеліп-жөнелтіледі, – дейді осындай жұмысы қауырт та күрделі станция кезекшісі Гүлжамал Еділбайқызы.  

Күні кеше Көлік қызметкерлері мерекесіне орай елордада өткен салтанатты шарада Қарабатанның тәжірибелі станция кезекшісі Гүлжамал Таженова «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті