Тарлан теміржолшы Қазалының құрметті азаматы атанды

ҚТЖ келбеті
17.05.2023, 15:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында Қазалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясында Құрметті теміржолшы Қанат Әлмахановқа «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім бекітілді. 

Саналы ғұмырын отандық теміржол көлігінің дамуына сарп еткен ардагер бұл құрметке әбден лайық деседі шәкірттері. Биыл 72 жасқа толатын Қанат Әлдебайұлы әке жолын қуған сүйікті кәсібіне өмірінің 45 жылын арнаған. Бір әкеден тараған 13 баланың ішінде жеті ұл түгел теміржолшы кәсібін таңдаған. 19 жасында локомотив депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған кейіпкеріміз 1973 жылы Арыс қаласында машинист көмекшісі курсын бітіріп, тепловозға ауысады. 1975 жылы Қазалыда машинистік курсты оқып, біліктілігін шыңдай түседі. Ташкент теміржол институтында сырттай оқып, жоғары білім алады. 1980 жылы Ақтөбе депосына ауысып, бірнеше жылдан соң депо бастығының орынбасары, 1985 жылы бас инженер, 1987 жылы Ақтөбе теміржол бөлімшесі бастығының локомотив шаруашылығы бойынша бөлім бастығы болады. 1992 жылы Қызылорда теміржол бөлімшесінде бас инженер, 1994-1998 жылдары Батыс Қазақстан теміржол басқармасында локомотив шаруашылығы бастығы болып еңбек етеді. Одан әрі Ақтөбеде жол бөлімшесінде бас ревизор болып, 2017 жылы зейнеткерлікке шығады.  

Теміржолшы Әлмахановтар әулетінде саладағы ең үлкен марапат – «Құрметті теміржолшы» атағымен үш адам марапатталған. Жалпы әулеттің теміржолдағы өтілі 300 жылды құрайды.  

– Қанат ағамыз талай теміржолшының жолын ашып, білімі мен тәжірибесін үйретіп, ұстаз әрі тәлімгер болды. Қазіргі таңда салада жүрген бір қауым локомотивші мамандар – оның шәкірттеріміз. Қазақстан теміржолының тарихында есімі алтын әріптермен жазылып қалатын тарлан теміржолшының бірі Қанат ағамызды жаңа марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! – дейді ардагердің  әріптес інісі, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті