Берекелі отбасы – ел тірегі

ҚТЖ келбеті
21.07.2023, 10:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Отбасы берік болса, елдің қорғаны мықты, тірлігі мығым болмақ. Ақтөбе облысында өткен «Мерейлі отбасы» байқауында көптің ықыласына бөленген бірлігі мен тірлігі жарасқан теміржолшылар жанұясымен таныс болыңыз.

Елімізде ырысы мен ынтымағы жарасқан осындай жанұяларды дәріптеу мақсатында жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» сайысының қалалық кезеңінде қала әкімінің Алғыс хатын алған Аман Егізбаев қарт анасын жетектеп, жұбайы, балалары мен немерелерін соңына ертіп сахнаға шыққанда көпшілік қошеметпен қол соқты. Отбасы құндылықтарын насихаттап, өзара келісім мен жарасым тапқан жанұяның үлгісі салтанатты да сәнді еді.  

«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде іріктеуден өткен теміржолшы Аман Егізбаевтың отбасы ел тәуелсіздігін алған жылдары Орынбордан қоныс аударған екен. Сырт елде туып өссе де ұлттық құндылықтарды ұстанып, қазақи тәрбиені бойына сіңірген әулеттің түпқазығы 80 жастағы қарт ана Мағия Егизбаева деп білдік.  

«Біз Орынбордың қазағымыз. Ақтөбеге тәуелсіздік жылдары көшіп келдік. Балаларымыз өз елінде, ата жұртымызда өсіп-өнсін дедік. Сыртта жүрсек те әке-шешемізден көрген тәрбиеміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ұстанып, ұрпағымызға да сіңіріп өстік», – дейді Мағия әже.  

Ал теміржол саласында 26 жылдан бері еңбек ететін ұлы Аман «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның Батыс филиалында жұмыс істейді.  

«Жұмысым өзіме ұнайды. Теміржолдағы еңбек жолымды пойыз механигі боп бастадым. Қазір жедел бөлім технигімін. Вагондарды тіркеп, батыс өңірінен шығатын пойыздарға қызмет көрсетеміз», – деді Аман Егізбаев.  

Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін отбасы екі ұл мен бір қызды өсіріп жеткізіп отыр. Осы байқауға да үлгілі отбасылар қатарында мектептің өтінішімен қатысыпты. Ұлдарының бірі банк саласында, екіншісі Ақтөбе рельс-арқалық зауытында жұмыс істейді. Отағасының айтуынша, отбасының беріктігі бала тәрбиесінен бастау алады.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты