Біздің Денис

ҚТЖ келбеті
04.08.2023, 10:52
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың солтүстігіндегі Жосалы вокзалына жолы түскен жолаушы риза болып аттанары сөзсіз.

Өйткені мұнда біздің кейіпкеріміз Денис бастаған вокзал қызметкерлері сізді құшақ жая қарсы аларына күмәніңіз болмасын...

Ғасырлық тарихы бар ғимаратқа күніне жүздеген жолаушы келіп-кетіп жатады. Өйткені Жосалы аудан орталығы болған соң мұнда халық та көп. Олардың бәрі елгезек вокзал бастығы Денис Хамовты таниды. Оның аудан көлемінде танымалдығы сол жолаушы халықтың алғысына бөленуінде болып тұр.  

Вокзалға жолы түскен жандарды жылы жүзбен қарсы алып, қолайлы жағдай жасау, олардың сұранысын кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп, қажет болса вагонға шығарып салу – жосалылықтар үшін қалыпты жағдай. Вокзал жұмысын ұршықтай үйіріп отырған Дениске алғысын жаудырып жатқан жұртты да талай кездестірдік.

Бірде жоғары жақтан Жосалыға тексеруші ревизорлар тобы келеді. «Қош келдіңіздер» деп қазақи қонақжайлықпен қол беріп амандасып қарсы алған вокзал бастығы Денис деп өзін таныстырғанда қазақша судай сапырып тұрған сары балаға таң қалып сұрай бастайды. «Неге атың орысша, Денис... өзің қазақша сөйлеп тұрсың...». «Осы станцияда туғанмын, ұлтым орыс, тілім қазақ, сондықтан Денис болам» деп күледі вокзал бастығы. Оның орыспын дегеніне сенімсіздік танытқандарға төлқұжатын көрсетіп сендіріпті. «Ойпырай, тілің ғана емес, түрің де қазақ қой» депті әлгілер бас шайқап.  

– Сырттан келгендер солай таң қалысып жатады, ал жосалылықтар біздің әулетті бес саусақтай таниды, осы ауылдың қазағымыз десек болады, – деп күлді Денис, – Жалпы біздің отбасымыз теміржолшылар әулеті саналады. Анам осы вокзалда қырық жылға жуық жұмыс жасады. Отбасылық тіршілігімізде қазақы дәстүрді ұстанамыз, жұбайым Элмира да жұмысын билет кассирі болудан бастаған қазақ қызы, – дейді «Кәсібі бойынша үздік» атанған Денис Николайұлы.  

ҚазАТК түлегі Денис 1978 жылы осы Жосалыда туылыпты. Сондықтан өзі айтқандай аудан орталығында оны танымайтын жан жоқ, және жылы жүзді, мейірімді де қайырымды жігітті бәрі жақсы көреді, «Біздің Денис» деп меншіктеп өзімсіне атайды.  

– Аймақтағы теміржол вокзалдарының ішінде Денис Хамов басқаратын Жосалы вокзалының ұжымы өте белсенді және жұмыстары сапалы. Олардың күнделікті жолаушыларға сервистік қызмет көрсетудегі кәсіби біліктілігі, озық тәжірибелерімен әріптестерімізге үлгі, – дейді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімі басшысы Айдана Нұрмышқызы.  

Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды