Аралдық теміржолшы Астана төрінде марапатталды

ҚТЖ келбеті
08.08.2023, 10:44
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жолаушы локомотивтері» ЖШС Сексеуіл аймағы бойынша бастығы Бауыржан Аяғанов «Құрметті теміржолшы» атанды. Мәртебелі төсбелгіні астана төрінде алған кейіпкеріміз теміржолшылар әулетінің көшін бастаған азамат.

Сыр өңірінде Аралдың Сазды ауылында туған Бауыржан Әлімұлы 1985 жылы Қызылорда қаласындағы темір жол техникумын тепловоз шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Сексеуіл локомотив депосында бастаған. ТҚК-3 цехының бригадирі болып жұмысқа төселе бастағанда әскер қатарына шақырылып, 1985- 1987 жылдар аралығында Беларусь жерінде Әскери әуе күштері қатарында Отан алдындағы борышын өтейді. Елге келген соң жұмысын жалғастырады. ТҚК-2 цехы ауысым шебері, дайындау цехының аға шебері қызметтерін атқарады. 2004-2016 жылдары Қазалы локомотив сервис орталығы, Сексеуіл бөлімі бойынша инженер-электрші, жетекші инженер-технолог болып еңбек етеді. 2016-2021 жыл аралығында Сексеуіл локомотив пайдалану депосында жетекші инженер технолог болады. 2021 жылдан бері Жолаушы локомотивтерінде еңбек етеді.  

Темір жол саласында қызмет атқару барысында тепловоз құрал-саймандарына рационализаторлық жаңашылдықтар енгізіп, өндірістік жетістіктерімен көзге түскен. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Арал ауданында «Жылдың үздік теміржолшысы» атағына ие болған. 2021 жылы «Түрксіб-90» мерекелік төсбелгісімен, 2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

– Саланы дамытуға қосқан еңбегімнің еленгені шығар, рахмет, – деп қысқа қайырды марапат иесін мәртебелі атағымен құттықтағанымызда. Бүгінде кейіпкеріміздің ұлы Еркебұлан Аяғанов әке жолын қуып Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары қызметін атқарады. Сонымен қатар Арал аудандық мәслихатының депутаты ретінде елдің жағдайын жасауға атсалысуда.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті