Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...

ҚТЖ келбеті
15.12.2023, 11:49
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде Фариза есімді қазақтың қайсар қызы еңбек етеді. Қайсар ақын Фариза Оңғарсынованың атын алған теміржолшы Фариза – Тәуелсіздік құрдасы. Ал оның қалай Фариза атануы бөлек әңгіме...

Фариза Бекболсынова Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі, экология секторында жетекші инженер-эколог. Бұл мамандық филиалда 2018 жылы ашылғаннан бастап оның жұмысын жүргізіп келеді. Жалпы, теміржолдағы еңбек жолын 2013 жылы «Теміржол жөндеу» ЖШС «СМП Бейнеу» мекемесінде эколог болып бастаған. Ол түбек теміржолындағы дәл аса жауапты кезеңдердің бірі, Бейнеу-Тассай жол телімін салып жатқан сәт болатын. Көп ұзамай, жол іске қосылар кезде Бейнеу жол дистанциясына жұмысқа ауысады. Ол кезде СМП Бейнеу мекемесі Фариза тұратын ауылдан 20 шақырымдай қашықта. Күн шықпай жұмысқа кеткен қыз түн қараңғысында бір-ақ үйге оралатын. 

Осы жол дистанциясының өндірістік бөлімінде 2017 жылға дейін, НЖС-14 мекемесінде жол бөлімі ашылып, жұмыс ауыстырғанға дейін инженер болып еңбек етті. Жол бөлімінде де алдыменинженер, кейін қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша эколог қызметіне ауысады. 

Ол өзінің Тәуелсіздік жылы дүние есігін ашқанын мақтан тұтатынын жеткізді. 1991 жылы түбектегі теміржолшы отбасында туған оның атасы Бекболсын Айтжанов өмірін Бейнеу жол дистанциясына арнаған, «Құрметті теміржолшы» атанған қадірлі жан болыпты. Әжесі де Бейнеу станциясынан зейнетке шыққан ардагер болыпты. Әкесі Бердіқұл Бекболсынұлы да жарты ғасырлық ғұмырының біраз жылын Бейнеу жол дистанциясына жұмсапты. Анасы Азила да Бейнеу жол дистанциясында есеп бөлімі жабылған 2017 жылға дейін қызмет атқарыпты. 

– Темір жолда туып, көзімді осында аштым десем де болады. Кішкентайымыздан теміржолшылар терминіне қанығып өстік. Түннің ішінде әкемнің теміржол телефоны шырылдағаннан киініп кетіп бара жататынын көретінбіз. Тіпті сіңлім екеуміз ойыншық телефоннан «Диспетчер, дистпечер, мен рзд 60...» деп ойнайтынымыз есімде қалыпты. Ол кезде әкем РЗД-60-та жол шебері болатын. Ал інім ойыншықтарын жалғап, «бұл путеизмеритель, ал бұл негабарит» деп ойнайтын. Бір жолы әкемнен «Папа путеизмеритель мен негабарит қатар келіп қалса, бір-біріне қарама-қарсы, кім жол береді?» деп сұрағаны есімде. Газет оқып отырған әкем «Ешқашанда екі пойыз бір-біріне қатар келмейді» деген. Міне, осылай теміржол туралы алғашқы танымымызды әкеміз қалыптастырған еді, – дейді отбасы жайында сағынышпен әңгімелеген Тәуелсіздік құрдасы. 

Фаризаның ақын апасының атын алғаны жайлы қызықты әңгімеге кезек берсек, ол ақын апамызсияқты өлең жазбаса да қазақтың қара сөзіне қызығушылығы бір бөлек. Кез келген жерден әдемі сөз тіркесі мен ойды ұтқыр келтірген цитаталарды көрсе, бірден қойын дәптеріне түртіп жүреді. Түртіп қана қоймай, соны өмірде қолданып тіліміздің шырайын бүкіл айналасындағыларға паш етіп жүреді. Сондай ақ қызықтырған кітабын кездестірсе, оны оқып бітірмейінше көңілі байыз таппайтын да әдеті бар. 

– Анам ұзатылар кезде Бейнеуге келген Фариза Оңғарсынова нағашыларымның үйінде қонақ болыпты. Анам да ол кісімен әңгімелесіп, сөздерін ұйып тыңдаған. Ақын өлеңдерін оқыған. Оның сөз саптауы мен болмысына тәнті болғаны соншалық, ұзатылғалы отырған бойжеткен қыз – менің анам осыдан алғашқы перзентім қыз болса, осы кісінің құрметіне атын Фариза қоямын деп көңілге түйген екен. Фариза апамыз анама қолтаңбасымен кітабын сыйлапты. Сол кітап әлі күнге дейін үйде тұр. Анамыз оны құнды қазынасындай, бойтұмардай сақтап келеді. Әріп тани бастағанымыздан ондағы өлеңдерді оқып, жаттап өстік, – дейді Фариза Бердіқұлқызы. 

Қоштасарда Мұқағали Мақатаевтың қазақтың ақын қызына арнаған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» деп басталатын әдемі жырын біз темір жолдың Фаризасына арнап оқып бердік. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды