Жүзден жүйрік шықты

ҚТЖ келбеті
20.12.2024, 20:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумына Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Рамил Жұматаев осымен екінші рет келіп қатысты. Жастар саясаты аясында ұйымдастырылған «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының жеңімпазы болған ол волонтерлік қызметі үшін ерекше бағаланған.

Қыркүйек айында «Корпоративтік волонтерлар мектебі» атты форумға қатысқан Рамил Сексеуіл – Шалқар, Сексеуіл – Қандыағаш, Сексеуіл – Ақтөбе бағытына қатынап, локомотив бригадасының құрамында еңбек етеді.  

– Машинист – мәртебелі мамандық. Ал машинист көмекшісі болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Соның ішінде жолаушылар пойызына және Тальго жүрдек пойызына машинист көмекшісі болу екі есе ұқыптылықты қажет етеді. Он жылдық тәжірибемнің арқасында өз жұмысымды жақсы меңгеріп қана қоймай, осындай қосымша қоғамдық істерге, компанияның бастамаларына да атсалысудамын. Өзім нағыз теміржолшылар отбасынан шыққанмын. Нағашы атам – Құрметті теміржолшы, анам жөндеу депосында еңбек етеді, – дейді Рамил.  

Форумға компанияның 35 жасқа дейінгі қызметкерлері қатыса алады. Үздік жүздіктің пулына енген жеңімпаздар оперативті кадр қоры әрі компаниядағы агенттерді алмастырушы болып саналады. Жоба 2019 жылы Қазақстандағы «Жастар жылына» орай іске қосылған еді. Бағдарлама аясында биыл барлығы 4 модульдік оқыту жоспарланған. Биыл бұл жобаға өту шарттары өзгеріп, ол 7 кезеңнен тұрған. Оған өтінім бергендер маусым айынан бастап солардың бәрінен өткен. Рамил де мың адамның ішінен іріктеліп алынған.  

– Он үшінші республикалық жастар форумы өте жоғарғы деңгейде өтті. Түрлі тренингтер, сабақтар ұйымдастырылды. Бірқатар тренингтер көпшілік алдында шешен сөйлеуге арналды. Сөйлесу – қарымқатынастың шексіз мүмкіндіктерін ашатын құрал, оны дұрыс пайдалану арқылы адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға болады. Бұл тек ақпарат алмасу ғана емес, сонымен қатар түсіністік орнату, эмоцияны жеткізу, ортақ шешімдерге келу және байланыс нығайту тәсілі. Оның тиімділігі екі жақтың да ашықтығына, тыңдай білуіне, құрмет көрсетуіне байланысты. Жалпы, жан-жақты дамуымызға мүмкіндік берген компания басшылығына зор алғыс айтамыз, – дейді машинист көмекшісі.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті