Еңбек адамы: Вагон қараушыға құрмет

ҚТЖ келбеті
08.01.2025, 14:57
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жаңа жылдың алғашқы аптасында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Түрксіб станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің  вагон қараушысы Сәкен Көкжаловтың шаңырағына барып, еңбек адамына құрмет көрсетті.

Аудан басшысы түрлі саладағы жұмысшылардың адал еңбегі ауданның экономикалық дамуы жолындағы басты көрсеткіш болып табылатынын тілге тиек етіп, ерен еңбек үлгісі дерлік сыйлы маман иелері қатарында теміржолшылардың орны бөлек екенін ерекше атап өтті.    

Сәкен Тасыбайұлы Луговой ауылында тұрады. Теміржолды жағалай қоныстанған елді мекеннің тұрғындарының басым көпшілігі өмірін шойын жолмен байланыстырғаны белгілі. Ауыл жастары трендтегі кәсіпті емес, тұрақты табыс көзі болатын қолжетімді  мамандықтарды таңдауы – ауданда темржолшылар әулетінің бірнеше буыны өсіп шығуына септік етті.    

Вагон шебері Сәкен Көкжаловтың теміржол саласында табан аудармай жұмыс істеп келе жатқанына 41 жыл толыпты. Адал еңбегіне сай елге абыройлы, айналасына сыйлы. «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің иегері. Ол Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы – еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін арттырып, олардың кәсібіне деген құрметті биікке көтереді деген сенімде.    

Айта кету керек, ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері Сарышаған, Шу, Түрксіб, Тараз, Қаратау, Жаңатас станцияларында орналасқан. Техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагоншыларға 5 нұсқаушы арқылы тиісті нұсқаулықтар беріліп отырады.

 

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты