Ақтөбелік жас инженер ескерту құрылғысын ойлап тапты

ҚТЖ келбеті
21.02.2025, 09:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік жас инженер Бақытнұр Ермекова ойлап тапқан қозғалыс датчигі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізбек. Өнертапқыштық ұсыныс тәжірибеде сыналып, сарапшылар тарапынан оң баға алды. Қауіп-қатерді алдын ала ескерту жүйесін алдағы уақытта көбейту жоспарда бар.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» Ақтөбе бөлімшесінің еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Бақытнұр Ермекованың бұл салада он жылдық тәжірибесі бар. Еңбек қорғау саласында өнертапқыштық ұсыныстармен, жаңашылдықтармен талай жылдан бері жіті танысып, зерттеп келеді. Нәтижесінде өзі де өндіріске ұсыныс енгізіп, теміржолшылардың қауіпсіздігіне көмекші қозғалыс датчигін ойлап тапты. Бұл – қауіпті аймақта жұмыс істейтіндер үшін ескерту жүйесі. Қазір Ақтөбе станциясында қолданыста тұрған жүйе тиімділігін дәлелдеп үлгерді.  

– Біз үшін теміржолшылардың өндірісте жарақат алуын төмендету маңызды. Қауіпті аймақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында талай рацұсыныстар ойлап тауып жатқандар бар. Мен де өз еңбегімнің нәтижесі осы қосымша қозғалысты бақылау қондырғысын ұсындым. Ескерту жүйесі тиісті мамандар тарапынан мақұлданып, қолдау тапқаны мені шабыттандыра түсті. Бүгінде пайдаланып жүрміз, енді оны көбейтіп, жол бойының қауіпті аймақтарына қою ойластырылуда, – деді ақтөбелік инженер.  

Автор ұсынған рационализаторлық ұсыныс адамдардың қауіпті аймақтарда болуын бақылауға және ескерту жасауға арналған. Бүгінде Ақтөбе станциясында бір жерге орналастырылған. Автоматтандырылған бақылау құрылғысы жарық және дыбыстық сигнал беру, сенсорлар және басқа да элементтерден тұрады.  

Автордың айтуынша, ерекшелігі – датчик қандай да бір қозғалысты анықтаған кезде қауіпті аймақтағы жұмысшыларға ескерту жасайды. Осылайша, теміржолшылар өздерінің қауіпті аймақта екенін түсініп, оқыс оқиғалардың алдын алады. Әрі қарай сигнал беру жүйесі машинистер мен диспетчерлерге де ақпарат жеткізіп, қажет болған жағдайда шұғыл шара қолдануға мүмкіндік береді.  

Бұл құрылғы қауіпсіздікті арттырумен қатар, оқыс оқиғалар мен апаттардың алдын алуға көмектеседі деп күтілуде. Жүйе диспетчерлер мен пойыз машинистеріне қауіпті аймақта адамның бар-жоғын ескертіп, алдын ала, жылдам әрекет етуге жағдай жасайды. Теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігін жақсартуға үлес қосады деп қолданып отырған құрылғыны ойлап тапқан еңбек қорғау инженеріне шығармашылық табыс тілейміз.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты