«Айкөрпе» – Айзаданың бренді

ҚТЖ келбеті
20.03.2025, 13:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Бейнеу станциясында тасымал құжаттарын өңдеу операторы болып еңбек ететін Айзада он саусағынан өнері тамған ісмер. Оның қолынан шыққан көрпе-төсектер бүгінде Маңғыстаудың ғана емес, өзге өңірлердегі отбасылардың да төрінен табылады.  

Себебі Айзаданың бұйымдары таза табиғи өнімнен жасалады. Баяғы апа-әжелеріміз қолданған әдіспен қой және түйе жүнінен жылы көрпе, төсеніштер тігіп ұсынады. Бағасын білетіндер не жылуы, не пайдасы жоқ шетелдік «синтетикалық» көрпе төсектің орнына Айзаданың тіккен дүниелерін алуға ұмтылады.  

Айзаданың бүгінде «Айкөрпе» атты өз бренді қалыптасқан. Соңғы жылдары әлеуметтік желінің жетістігімен еліміздің басқа облыстарынан да тұтынушыларын тапқан кәсіпкер келіншектің алдағы арманы асқақ, мақсаты анық.  

– Маңғыстауда түйе көп, қой жүні де көп пайдаланылмайды. Ойлана келе осы қолжетімді нәрселерді неге кәдеге жаратпасқа деп кәсіпті бастап кеттім. Бес балам бар. Бірінен соң бірі жетіліп, өсіп жатқасын түрлі дайындық курстарына, өнер-білім үйренуге бергім келді. Алдағы оқуы бар, қатарынан кем қылмай жеткізу, оларды үйлі-жайлы ету үшін қосымша қаражат табу ешқашан артық болмайды. Қыз кезімде анамнан тігіншілікті үйренгенмін. Ол кісі оқыған, өмір бойы осы салада жұмыс істеген кәсіби тігінші еді. Анамнан дарыған өнерді қолға алып, алдымен өзімізге жүннен көрпе-төсектер дайындадым. Көргендердің қызығушылығы туындап, сұраныс арта бастады. Айналамдағыларға, онан соң қыз жасауларына, тапсырыстар көбейе түсті. Әлеуметтік желіге шығарғалы алыс аймақтардан да хабарласып, өндірісті үлкейтуге тура келді. Басында жүнді жуу, түту, сабау сияқты шаруаларды тек қолмен атқарсақ, енді арнайы техникалар сатып алып, кәсіпті үлкейттік. Көрші келіншектерді жұмысқа тарттым. Жолдасым мені қашанда қолдайды. Өзінің басқа жұмысы болғанына қарамастан маған керек машиналарды сатып алып беріп, қажетті дүниелерді тауып беріп отырады. Балаларым да жұмысқа қолғабыс етеді, әлеуметтік желімен жұмыс істейді және бастысы еңбектің ортасында өз көзімен көріп өсіп жатыр. Қазір алды жоғары оқу орнында оқыса, кенжеміз екінші сыныпта. Қосымша домбыра, жетіген сияқты түрлі аспапта ойнап, бір басына жететін өнерлері бар, – дейді ісмер теміржолшы.

Айтуынша, кәсібін кеңейту үшін үйінің алдынан үлкен цех салып жатыр. Көп ұзамай соны толық іске қосса, тағы да әйел-қыздарды жұмысқа тартпақ ниетте. Сонымен қатар тоқудан да хабары болғандықтан бұл өнерді де дамытып, әрі қарай жандандырмақ.  

 Осылай, қашан көрсең қарап отырмай, сан түрлі жоспармен жүретін Айзада Алдабергенова Бейнеу теміржолында 2000 жылдан бері қызмет етеді. Көп балалы отбасынан шыққан ол сол жылы Ақтөбедегі теміржол колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдап, өзі студент кезінде тәжірибеден өткен Бейнеу темір жол станциясына тасымал құжаттарын өңдеу операторы болып жұмысқа орналасады. Төрт бағытта жұмыс істейтін станцияда күніне он-он бес  пойыздың құжаттарын тексеріп өткізеді.  

  - Теміржолдың жұмысы оңай емес, жауапкершілігі жоғары. Әсіресе біздің Бейнеуден төрт бағытта пойыз жүретіндіктен транзиттік вагондарға да қызмет көрсетеміз. Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Маңғыстау, Бейнеу – Мақат, Бейнеу – Азия бағыттарына жұмыс істейміз. Сонша жыл үйренген жаныма жақын сүйікті кәсібім, – дейді Бейнеудің тасымал құжаттарын өңдеу операторы Айзада Алдабергенова.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды