Үздік өнертапқыштар марапатталды

ҚТЖ келбеті
22.04.2025, 08:57
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шымкент теміржолында үздік өнертапқыштар марапатталды. Осы салада табанды еңбек етіп қана қоймай, жаңашыл ойларымен өндірісті дамытуға үлес қосып жүрген теміржолшылар ерекше құрметке бөленді.

Салтанатты жиынды Ләззат Жаримбетова жетекшілік ететін Шымкент магистральдық желі бөлімшесі Ғылыми-техникалық ақпараттық бөлімі ұйымдастырды. Үздік өнертапқыштарды құттықтаған Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Алғазын Қойлыбаев пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының төрайымы Нағима Салықбаева құттықтап, оларға тың творчестволық табыс тіледі.  

– Темір жол – ел экономикасының күретамыры. Ал осы күретамырды үздіксіз, қауіпсіз әрі сапалы қызметпен қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік. Бұл жолда тек еңбекқорлық қана емес, жаңашылдық, ізденіс қажет, оны үздіксіз дамыту қажет. Бүгін біз өз еңбегімен тың идеялары арқылы толағай табыстарға қол жеткізген теміржолшы рационализаторларды атап, оларға деген құрметіміз бен алғысымызды білдірмекпіз, – деді бөлімше директоры.  

Шымкент теміржолы бойынша өткен 2024 жыл рацұсыныстар беруде табысты жыл болған. Жоспарда 21 рационализаторлық ұсыныс берілу керек болса, нақты жағдайда 25 ұсыныс берілген. Соның ішінде Шымкент ЖТ бөлімшесі тарапынан жоспарда 6 ұсыныс болса, нақты 7 ұсыныс болды. Ал Магистральдық желі бөлімшесінен 18 ұсыныс бойынша жоба жүзеге асырылды. Олар Шымкент теміржолындағы ШЧ, ЭЧ, ПЧ, ВЧД, ТЧ және вокзал шаруашылығы қызметкерлері арасынан шығып отыр. Бұл ұсыныстарды 16 теміржолшы өзінің ізденісі мен тәжірибе-білімінің арқасында ойлап тапқан.  

Айта кетерлігі, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жомарт Мырзабеков жоспардың орындалуына үлкен үлес қосты. Ол бір өзі 3 рационализаторлық ұсыныс берген. Сонымен қатар Шымкент ЖТ бөлімшесі Қауіпсіздік қызметінің бастығы Ордабай Төлбасының ұсынысы тиімділігімен және маңыздылығымен ерекшеленді, ол «223 тоққабылдаушы» тумблеріне арналған сақтандырғыш қаптама» деп аталатын жобаның авторы ретінде көзге түсті.  

Жиында Шымкент темір жолының абыройын қорғаған 16 өнертапқыштың аты аталып, талантты теміржолшылар Құрмет грамоталарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты