100 маман іріктелді

ҚТЖ келбеті
01.07.2025, 08:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да «Мамандықтар көшбасшылары» корпоративтік даму бағдарламасы бойынша оқытудың бірінші модулінің ашылуы өтті. Оған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марал Марасилов қатысып, сөз сөйледі.

2022–2024 жылдары компания өндірістік қауіпсіздікті және жеке іскерлік қасиеттерді арттыруға бағытталған корпоративтік бағдарлама бойынша өңірлік және желілік деңгейдегі 700-ге жуық қызметкерді оқытты. Олардың арасынан анағұрлым белсенді мамандар, яғни шеберлер, нұсқаушылар, бас инженерлер мен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизорлар, вагон шаруашылығындағы ТҚКҚ, ЭЧ, ПЧ, ШЧ мекемелерінің бастықтарын қосқанда ең үздік деген 100 маман іріктеліп алынды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR-бизнес серіктесі Алма Сәулебаеваның айтуынша, «Мамандықтар көшбасшылары» пулын құру қызметкерлерді ынталандыру және еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба басқару ой қабілетін, көңілкүй икемділігін және төтенше жағдайдағы мәселелерді шешуде командалық өзара іс-қимыл машықтарын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. Модуль шеңберінде қауіпсіздік департаментінің мамандары қатысушыларды мәселелерді жүйелі талдауға, операциялық қауіпсіздік саласында шешімдер қабылдауға үйретеді.  

– Жоба арқылы саланы дамытуға қабілетті көшбасшылардың кадрлық резерві қалыптастырылады. Іріктеу кезеңі өте қатал түрде өтті, әрбір үміткердің деңгейі, еңбегі жіті тексеріліп, қаралды. Тест тапсырды, әңгімелесу кезеңінен өтті, дауысқа салынды. Бұл дегеніңіз қазір мұнда компанияның өндірістік саладағы ең бір мықтылары жиналып отыр деген сөз. Біз оларды өз ішімізде әзілдеп «спецназ» деп атаймыз. Олар нағыз өз ісінің кәсіби мамандары. Қандай қауіпті жағдай туындаса да, біз осы мамандарды жұмылдырып, өзекті мәселенің шешімін табуға тартамыз. Оларды оқытуға ішкі және сырттан елге және шетелдерде сұранысқа ие тренинг жаттықтырушыларды шақырттық, – деді Алма Сәулебаева.  

Персоналды дамыту – компанияның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция. Оқу нәтижесінде үздік қатысушылар серіктес-компанияларда тағылымдамадан өтіп, MBA, Mini MBA және магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқытылады.  

- Биыл іріктеліп шыққан орта буын басшылардан 100 қызметкер бүгін аталған бағдарлама бойынша модульдік оқуды бастадық. Бағдарлама үш модульден тұрады. Бүгінгі біріншісі оффлайн, екіншісі онлайн түрде өтеді, сосын үшіншісінде арнайы тапсырмамен жоба беріледі, соны қорғаймыз. Жалпы бұл болашақта компанияда білікті басшы кадрларды дайындау мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл топқа іріктелу оңай болмады, білім мен біліктіліктің арқасында өттік, өте қуаныштымын, алған білімімізді ҚТЖ-ны дамыту жолындағы игі мақсатқа жұмсаймыз, - дейді қатысушылардың бірі, Маңғыстау ШЧ-10 Жаңаөзен-Болашақ телімінің бастығы Мұхтар Көжекбаев.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды