Теміржолшы – мәртебелі мамандық

ҚТЖ келбеті
25.07.2019, 14:41
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қазақстан теміржолының дамуына бір кісідей үлес қосып жатқан әйелдер қауымының еңбегі ерен. Айжамал Амангелдиева Қазығұрт станциясында 36 жылдан бері тапжылмай еңбек етіп келеді. Шойын жолдың қызығы мен шыжығын қатар көріп келе жатқан ол бүгінде станцияға келген жүктерді қабылдап-тапсырудың шебері атанып, басшылардың өтінішімен жастарға «мастер-класс» өткізеді.

«Қазығұрт станциясында 23-тен астам кірме жол бар. Соған вагондарды кіргіземіз. Онда жүктерді түсіретін, тиейтін вагондар кіріп шығады. Біздің міндетіміз – жөнелтіліп жатқан клиенттердің жүк вагондарын қадағалау. Яғни клиенттер жүк түсіргеннен кейін вагонның қандай жағдайда тұрғанын тексерген соң барып қабылдап аламыз. Себебі, вагондар ақаусыз келіп, ақаусыз кетуі керек. Станцияда ақаумен кеткен жағдай болған емес. Басшымыз Тоқтасын Қалмырзаев бізден келіп-кетіп жатқан вагондардың сапасы мен жай-күйі ойдағыдай болғанын қатты талап етеді. Себебі, ережеге бағынған, қатаң тәртіпке негізделген теміржол жұмысы сонда ғана алға басып, мекеменің көрсеткіші артатынын әрбір теміржолшы жақсы түсінеді. Егер де вагондармен жіберіп жатқан жүгіміздің бір жері дұрыс байланбай қалса немесе бір жері сынып кететін болса, ол жол апаты немесе тағы басқа келеңсіздік болуы мүмкін. Сол үшін жүк бөлімі сауысқандай сақ, қырандай қырағылықпен жұмыс істеуі керек. Жүк тапсыратын адамдар көрмей, қадағаламай вагонды жайдан-жай жібермейміз», – деп сыр шертті Айжамал Саттарқызы.

Айжамал Амангелдиевамен бірге тағы да 2 жүк қабылдап-тапсырушы жұмыс істейді. Айтуынша, станцияда күніне 100-ден астам вагон түсіріліп, 30-40 вагонға жүк тиеледі. Мамандар осы келген вагондарды қабылдап үлгеруі керек. Станция интернетпен қамтылған, оның ішінде келіп, кетіп жатқан жүктерді АСУ ДКР жүйесі арқылы есебін жүргізіп отырады.

«Жұмысымыз қиын әрі қызықты. Мысалы, зейнетке 58 жасымда кетуім керек еді. Зейнет жасын ұлғайтуына байланысты әлі де бір жыл жұмыс істеуім қажет. Негізі осы зейнет жасын ұзартқаны дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені, теміржолда қателесуге болмайды. Қанша дегенмен жасымыз келіп қалды, мысалы, ашық вагондарға құбырлар артылады, біз сол жүктердің мұқият орналасқанын үстіне шығып көруіміз керек, ол мен үшін қиын. Бірақ соған қарамастан өзімізді қолға алып, тырысуымыз керек. Сол себепті әйел адамдар 58 жаста зейнетке шыққаны дұрыс қой деймін. Бұл – менің жеке ойым», – дейді аға жүк қабылдап-тапсырушы.

Станцияда теміржолшылар үшін жақсы жағдай жасалған. Жұмыс орындары жайлы да таза, қыста жылы. Асхана қажетті техникалар мен жабдықталған, сонымен қатар ерлер мен әйелдерге арналған жуынатын душ бар. Шипажай, курорттарға жолдама беріледі. «Медикермен» келісімшартқа отырған, денсаулықтарын да қарата алады.

«Теміржолшы – мәртебелі мамандық. Теміржол саласы ұнамаса кетіп қалар едім, ұнаған соң жүрмін. Теміржолшы болғанымызға мақтанамыз. Тек бір ғана өтінішіміз сол, жоғары жақтағы басшылар зейнеткерлік жасты қысқартса екен дейміз. Себебі осында 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан әйелдер бар», – деп көптің көкейінде жүрген өтініш-тілекті де жеткізді Айжамал Амангелдиева.

Әлемде
08.04.2026
Жапонияда 30 жыл ішінде 1300 шақырымнан астам теміржол жабылған
Инфрақұрылым
08.04.2026
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жалғасуда
Жаңалықтар
08.04.2026
Темір жолға тартылған қаражат неге керек – сарапшы түсіндірмесі
Жолаушылар тасымалы
08.04.2026
ҚТЖ-ның әйелдерге арналған вагондарымен 856 мыңға жуық жолаушы сапарлады
Жаңалықтар
08.04.2026
Отандық теміржол өнімдері еуропалық стандартқа сай сертификатталуда
Жүк тасымалы
08.04.2026
Үш айда Өзбекстаннан Қытайға 76 контейнерлік пойыз жөнелтілді
Спорт
08.04.2026
Ғасырлық тойға – спорттық тарту
Жаңалықтар
08.04.2026
Қазақстан мен Грузия: Стратегиялық серіктестік пен «Орта дәліздің» болашағы
Жаңалықтар
07.04.2026
Қазақстан мен Грузия көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Жолаушылар тасымалы
07.04.2026
Астана – Омбы халықаралық бағытында RWS Wagon компаниясының жаңа 45-үлгідегі жолаушылар вагондары қатынай бастады
Жүк тасымалы / Инфографика
07.04.2026
Теміржол көлігімен жүк тасымалы көрсеткіші тұрақты өсімді көрсетуде
Әлемде
07.04.2026
Польшада көпфункционалды Combo вагондары қолданысқа берілді
Жаңалықтар
07.04.2026
«Мөлдір бұлақ»: Атыраулық теміржолшылар Жайық бойын тазартты
Трансформация
07.04.2026
Машина жасаудағы маңызды қадамдар
Жолаушылар тасымалы
07.04.2026
Бес облысты басып өтетін жаңа маршрут
Аймақтар
07.04.2026
Бұлақ көрсең көзін аш
ҚТЖ келбеті
07.04.2026
Қырық жыл – қас-қағым сәт
Спорт
07.04.2026
Теміржолшылар шаршы алаңда
Аймақтар
07.04.2026
Ертіс жағалауындағы сенбілік
Жаңалықтар / Мұрағат
07.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №26 07 сәуір 2026 жыл