«Ақаулы вагонды алыстан байқауға болады...»

ҚТЖ келбеті
26.08.2019, 11:04
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент станциясында вагон қараушылардың шағын ғана жұмыс орны бар. Онда станция басындағы тарам-тарам жолдардың біріне аялдаған пойыз дөңгелегін қолындағы балғасымен ұрғылап, тексеріп бара жатқан вагон қараушының жұмысы сырт көзге түсініксіз көрінетіні рас. Вагонның дөңгелектерін ұрғылап, оның ішінде ақаудың бар-жоғына көз жеткізу қалайша мүмкін деген күмәнді ой туындайды...

Арыс пайдалану вагон депосының Шымкент техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушылары әрісі Арысқа дейін – 100 км, берісі Жамбылға дейін 200 км жолда жүретін жылжымалы құрамның қауіпсіздігіне жауапты. Осы екі аралықтағы шекараның вагон қараушылары өздеріне жүктелген міндетті тиянақты атқарулары қажет. Алдымен келген вагондардың тежегішін, жүретін бөлігін, дөңгелектің мойынтірегін барлығын мұқият қарап, сынғансынбағанын, ақау, ақау емесін тексереді. «Біз пойыз жақындағаннан тыңдап тұрамыз да, оның қандай күйде келе жатқанын біле қоямыз. Егер пойызда ақау болса, дөңгелегі ұрып, шиқылдаған дауыспен келе жатады. Вагон қараушы болу үшін ең бастысы құлақ пен көз жақсы жұмыс істеу керек. Сол үшін жыл сайын медициналық тексеруден өтеміз. Себебі, сигналдар мен ақауларды ажырату үшін есту қабілеті өте қажет. Жұмысымыз көзбен көріп, құлақпен есту арқылы жүзеге асады, сосын әрине табиғи түйсік болуы шарт», – дейді вагон қараушы болып Шымкент станциясында 1981 жылдан бері еңбек ететін Данабек Ерекешов. Ал балғамен ұрған кезде ақаудың баржоғын қалай ажыратуға болады деген сауалға да мүдірмеген тәжірибелі вагоншы: «Егер ақауы бар болса, балғамен ұрған кезде темірдің дауысы екі рет қайталанады.

Ал жоқ болса «тоқ» еткен бір ғана дыбыс шығады. Одан бөлек, дөңгелектің артына майы шашырады ма, жоқ па, оны да тексереміз. Айнамен, лупамен қарайтын тәсілдеріміз де бар», – дейді.

Демек, сіздер музыкант сияқты екенсіздер ғой, теміржолдың әр дыбысын ажырату үшін «слух» керек қой деген әзілімізге күліп алған вагон қараушы «мүмкін, теміржолдың музыканты шығармыз, себебі дөңгелекке ақау түскенін көзбен көрмей, тек құлақпен тыңдау арқылы түйсікпен ажыратамыз» деді.

Жалпы, Шымкенттегі тексеру пунктіндегі ауысымда 12 адам жұмыс істейді. Мұнда Оңтүстік, Солтүстік бекеті болып екіге бөлінеді. Солтүстік бекет жағында 2 адам, Оңтүстік бекетте 4 адам. Солтүстік бекет тек жүк пойыздарымен айналысса, оңтүстіктің вагон қараушылары барлығын жіті тексереді. Ақауды табатын бақылау балғасының салмағы бар-жоғы 200 грамм (ұрып көрген кезде дөңгелек майысып қалмау керек), ал сабының ұзындығы 60-70 см құрайды.

Ақау табылған жағдайда вагон қараушы оны ағытып, вагонның номерін хабарлап, ағымдағы жөндеуге жібереді. «Мәселен, мынау вагонның 8 номерден тұратын (58512989) санын береміз, коды – 27. Демек бұл вагон Қазақстандыкі. Мұндай вагондармен астық тасымалдайды. Әр вагонның өзінің түрлері бар, мынау тұрған цистерна газға, ал анау ашық вагондар көмір тасуға арналған. Жалпы, вагонның 10 шақты түрі бар. Жартылай вагон, жабық вагон, ашық вагондар болады. Біз вагонның ақауын ұрып қана көрмейміз. Бір вагонның өзі бес бөліктен тұрады, кузовтан, жүретін бөліктен, тежегіш, құрал-жабдықтар, автоцепка құрылғыларының бәрін тексереміз. Біздің жұмысымызды сырттай қараған жан оңай деп ойлауы мүмкін. Кейіннен қиындығын көріп, көп адам шыдамай кетіп қалады. Себебі, вагонның астындағы тежегішін, жүретін бөлігін, кардан мен пружинасын, т.б. бөліктері салбырап, құлайын деп тұрған жоқ па, соның бәрін мұқият қарау керек. Егер вагонның пружинасы мен дөңгелектері сынған жағдайда ағытып жөндейміз. Ал вагонның дөңгелегін шығарып жөндеуге 45 минут қана уақыт беріледі. Сол уақытта үлгеруіміз керек. Жолаушылар пойызында ақау сирек, ал жүк пойыздарында жиі кездеседі», – дейді маман.

...Күн сайын станциядан жолаушылар мен жүк вагондарының ағыны толассыз өтіп жатыр. Олардың бәрі зырлаған вагон доңғалақтарының ақауын алыстанақ байқайтын вагон қараушылардың сүзгісінен өтеді. Ал Данабек сынды өз кәсібінің шын шеберлерінің қырағы назары ештеңені де қалт жібермесі анық. 

Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ жеті айда 177 млн тонна жүк тасымалдады
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуда – Жақыпов
Жаңалықтар
19.08.2025
Қазақстан 456 локомотив сатып алады
Жаңалықтар
19.08.2025
Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Қауіпсіздік
19.08.2025
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет
Спорт
19.08.2025
Кіл мықтылар анықталды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Ұрлық түбі – қорлық
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы мамандығына грант саны артуда
Жаңалықтар
19.08.2025
Ұлы ақынды ұлықтады
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Бибігүлдің жүрек қалауы
ҚТЖ келбеті
19.08.2025
Құрметті теміржолшы Асқар Шокулбаевтың еңбек жолы
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы отбасы жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Өрт сөндіру пойызы тосын жайтқа толықтай даяр
Жаңалықтар / Мұрағат
19.08.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66-67 19 тамыз 2025 жыл
Аймақтар
18.08.2025
Шиелі станциясы – жүк айналымның өзегі
Бейнелер
18.08.2025
Елордаға саяхат (Видео)
Жүк тасымалы
18.08.2025
Астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты
Аймақтар
18.08.2025
Сай-Өтес станциясында «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы өтті
Аймақтар
18.08.2025
Цифрлық трансформацияға жол ашқан майталман маман
Жолаушылар тасымалы
18.08.2025
ҚТЖ теміржол билеттеріне 40%-ға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынады