Несіптің арманы

ҚТЖ келбеті
27.12.2019, 15:22

Ол жан жарынан ерте айрылып, бес баласымен жесір қалса да қиыншылыққа қайыспады, отқа да, суға да түсіп жүріп жалғыз өзі шиеттей бала-шағасын жеткізді. Ерінің аманаты, артында қалған ұл-қызын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген батыр ана. Бүгінде бір әулетті басқарып отырған аяулы ана, ардақты әже – «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан» пойызының жолсерігі Несіп Рамбаева.

Маңғыстаудан елордаға бет алған біз Несіптің вагонына тап келіп, таныстығымыз осылай басталды. «Әйелі епті үй босағасынан білінеді» дегендей, оның да темір жол үстіндегі жылжымалы «үйі», яғни вагон кіреберісінен-ақ тап-таза да жинақылығымен көз қуантады екен. Не нәрседен де әйелдің ұсынықты қолы бар екені білініп тұр. Бәзбіреулерге, бәлкім, жолсерік болу бір қарағанда жеңіл кәсіптей көрінер. Бірақ оның машақатын мамандыққа тереңірек енсең ғана, сол міндетті атқарып көрсең ғана түсінеді екенсің. Осы мақсатта біз де бір күн болса да жолсерік кейпіне еніп, мамандықтың қыры мен сырына үңілген едік. Ұйқың құстың ұйқысындай сергек, аяғың қоянның аяғындай жеңіл желіп жүрмесең, бұл кәсіпті игеріп әкету қиынға түсері анық. Жолаушыларды билетпен мінгізіп-түсіру, төсек жабдықтарын таратыпжинау, пойыз тоқтаған сайын вагонның ауыр темір есіктерін ашып-жабу, жолаушылар арасында келеңсіздіктерді реттеу сынды үйреншікті жұмысқа қоса, үй иесінің қонақжайлығымен вагондағы жылу жеткілікті ме, оның техникалық күйі дұрыс па, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы жасалды ма, олардың денсаулығы қалай, іштегі тазалық жайы, тағысын тағы жұмыстарды қат-қабат атқару тіпті де жеңіл емес екені анық. Оның үстіне керек кезінде психолог та, кейде дәрігер де болуға тура келеді. Қысқасы, пойызда жолаушылармен жүріп біраз мамандықты «меңгеріп» шығуға болатындай. Мұндай жұмысқа төселу, табиғатынан нәзік жаратылыс иесіне оңай шаруа емес. Үйден жырақта, өмірінің көп бөлігін балаларынан алыста, артына алаңдаумен өтетіні тағы жасырын емес. Несіп Әшірбайқызы өмірлік серігінен небәрі отыздан асқан шағында айрылыпты. Перзенттерінің алды 14 жаста, ең кішісі 2 жаста болған екен. Бір етек баламен жесір қалған жас келіншекті есіркегендердің қолынан не келсін, «құдай аясын» дегеннен басқа. Бірақ, жас жесір күйеуінің жылын берген соң белді бекем буады. Ендігі жерде тек балалары үшін ғана өмір сүріп, оларға әке орнына әке, шеше орнына шеше болып, жетімдіктерін сездірмей жеткізуге өз-өзіне серт береді. Балалары өскенше қолынан келген жұмысты істеп, күндіз де, түнде де тыным таппай еңбек етті. Сосын үлкен теміржолшы әулеттің келіні қайынжұртының ақылымен Маңғыстау теміржолында жолсерік болып жұмысқа кіріседі. Оған да, міне, 12 жыл өтіпті.   

Еліміздің − 18 жасымда ата-анамның ақ батасымен Маңғыстаудан көрші Қарақалпақ еліне келін болып кеттім. Жолдасым Есен Рамбаев сол жердің Жаслық станциясында ғұмырының соңына дейін теміржолшы болды. Темір жолға пойыздардың темірлерін тексеретін ұста ретінде келіп, нұсқаушыға дейін көтерілген. Мен келін болып барған шаңырақта қайын атамнан бастап қайын аға, қайындарым, қайын сіңлілерім – бәрі теміржолшылар еді. Атамыз Генадий Рамбаев сол әулетке мен барғанда қалпына келтіру пойызын басқаратын, жетпіске дейін жұмыс істеді. Құрметті теміржолшы атанды. Енем – 11 бала тапқан алтын құрсақты ана. Қайын сіңлім Алтынай Рамбаева – қайсы бір жылы пойызда сәбидің жанына араша түскен жолсерік. Құрметті теміржолшы. Қайын ағам Сәрсен Рамбаев локомотив депосында машинист. Қайным Мұратхан Рамбаев та, тұңғышым Мұхтар Рамбаев та теміржолшылар. Ұлым депода машинист көмекшісі. Барлығымыз да Маңғыстау теміржолында еңбек етудеміз. Осындай әулетке келін болып көрген-білгенім бар, сондықтан мен де орайы келгенде осы салаға бет бұрдым, – деп еске алады. Қазірде оның осындай қиын дықтармен тәрбиелеп өсірген үш ұлы мен екі қызының өз қолы өз ауыздарына жеткен. Ұлы ұясына, қызы қиясына қонған. Аналарына келін, немере, жиен сыйлап, ана бақытын сезіндіріп отыр. Шүкір, әу бастағы арманы да осы емес пе еді, ұл-қыздарының жетіліп, бір-бір үйдің иесі болғанын көру болатын. Анаға одан артық бақыттың да керегі шамалы деп санайды. − Әрбір мамандықтың қызығымен қатар қиындығы да жүреді. Кейде пойыз аз ақ уақытқа аялдайды. Біздің сыртқа шығып қоқыстарды тастап және жолаушыларды мінгізіп үлгеруімізге тура келеді. Сондайда жүгіріп жүріп қимылдамасаң болмайды. Біз сияқты жасы елуге келген әйелдерге бұл қиын болуы мүмкін, бірақ біз оған үйренгенбіз, шыныққанбыз, – дейді жолсерік ханым. Түбек пен ел астанасын жалғап жатқан бұл пойызда жыл он екі ай халық өте көп жүреді, бос болмайды. Бұл жолы да Маңғыстаудан шыққаннан Нұрсұлтанға жеткенше бірі мініп, бірі түсіп жатқан ығы-жығы жолаушы халықты қабақ шытпай қарсы алып, шығарып салып жатқан қонақжай үй иесіндей жолсерікке алғысымызды айтып жылы қоштастық.

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады