Маңғыстаудың Майгүлі

ҚТЖ келбеті
06.03.2020, 14:14
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолының №6 бекеті – көпшілікке бесалты үйлі шағын ғана елеусіз бекет. Бірақ тек Майгүл үшін емес. Талай жыл бұрын Атыраудың асқақ аруын маңғаз Маңғыстаудың мерейлі келіндерінің қатарына қосқан махаббат бекеті бұл... Онда Майгүлдің ең қымбат та қастерлі жылдары сайрап жатыр... 

Міне, екі жылға жақындады. Жан жарын жоғалтқалы оның бұл бекет оңаша ойға шомып, қиялымен сол жылдарға саяхат жасайтын сүйікті орнына айналды. Қызығы мол жастық шағын сағынғанда, арқасүйер азаматын еске алғанда осы бекетке келіп жұбаныш табады.

− Туған жерім Атыраудағы мектеп бітірген соң Гурьев теміржол техникумына оқуға түстім. Оны 1991 жылы бітіріп, жолдамамен түбек теміржолының №6 бекетіне кезекші болып келдім. Содан сол жерде тапжылмай 28 жыл бойы еңбек етіппін. Ол кезде жаспын. Шабаданымды жинап алып жетіп келгем ғой. Өмірлік тәжірибе аз. Жұмысты да онша біле бермейсің. Сол кездегі бекет бастығы Ерлан Нұрмолдинге алғысым шексіз. Маман болып қалыптасуыма көп көмегі тиді, мені туған қызындай тәрбиеледі десем болады, – деп еске алады бүгінде №2 бекет кезекшісі Майгүл Тауманова.

Маңғыстауға жұмысқа келіп, осында мәңгілікке тұрақтап қалған Майгүл өз махаббатын да осы жерден табады. Үстірт бекетіндегі теміржолшылар отбасының ақ босағасын аттайды.

− Жолдасым Тоғай Тіленбаевпен осы бекетте таныстық. Мен 1991 жылдың мамыр айында келсем, ол менен бір ай бұрын Ақтөбеден оқуын бітіріп келіп жұмысқа тұрыпты. Маған жұмыстан Сай-Өтес стан- циясынан баспана берілген-ді. Ол да сол станцияда тұратын. Екеуміздің қатынайтын бағытымыз бір, жұмыс орнымыз бір болды. Сөйте келе жұмыстағы таныстық сыйластық пен сезімге ұласып, үш жылдан соң отау тіктік. Қайынжұртымның барлығы теміржолшылар болғасын ба, бұл әулетке сіңіп кету қиынға соқпады.

Қайын атам Балтабай Тіленбаев жолшы, қайын ағаларым Жидебай мен Ноғайдың бірі Үстіртте жолшы, екіншісі – Опорный бекетінде СЦБ механигі. Қайын апаларым Сұлу мен Алтынай, Күмісай вагон қараушы, тауар кассирлері болды. Куйеуім вагон қараушы болатын. Екеуміз бірге қол ұстасып 28 жыл бойына №6 бекетке бірге қатынадық. Балаларымның әкесінен айрылғаннан кейін ғана мен ол бекеттен кетіп, №2 бекетке ауыстым, – дейді ғұмырының артта қалған парақтарын сағынышпен еске алған Майгүл мұңданып.

Жан жары Тоғай Тіленбаев 2018 жылы о дүниелік болыпты. Екеуінің екі ұл, бір қызы бар. Тұңғыштары Құндыз қазір медициналық академияның жетінші курсында оқыса, ұлдары аудандық әкімдікте жұмыста. Кенжелері лицейде оқиды. Өткен жылы ұлдары Нұрдаулетті үйлендіріп, шаңырағына келін түсіріпті. Майгүл апа теміржолдағы темірдей тәртіптің оң нәтижесін сөз етті.

– Жалпы, бұл салада қиындық та, жетістік те қатар жүреді. Солардың бәрінен өткен адам ғана нағыз теміржолшы болып шығады. Қазір қарасам, өз тәжірибемде түрлі жағдайларды бастан өткеріппін. 2015 жылы теміржолда жолаушылар пойызының алдына жүк көлігі шығып кетіп, оқыс оқиға орын алғанда кезекшілікте тұрғанмын. Сондайда нәзікжанды әйел адамға көз алдыңда болған жағдай қатты әсер етеді екен. Бірақ абдырап, саспай әрі қарай не істеп, қайда, кімге хабар беріп, қандай әрекет ету керек, қысқасы, теміржолшыдан талап етілетін нәрсенің бәрін нұсқауға сәйкес орындап шықтым, – дейді кейіпкеріміз.

Бүгінде талай жасты бекет кезекшісі жұмысына үйретіп, шәкірт тәрбиелейтін деңгейге жеткен Майгүл енді ғана елуге толды. Денсаулығы жарап тұрса әлі де талай жыл таңдаған кәсібін тастамасы анық. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті