Алма сабағынан алыс түспейді

ҚТЖ келбеті
04.12.2020, 09:15
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек темір жолының вагон шаруашылығын дамытуға бір кісідей үлес қосқан теміржолшы Жаңабай Түйебаевтың әу бастағы арманы әскери қызметкер болу екен. Таңдыр оны жартылай әскери сала – теміржолға бастапты. Жуырда зенет жасына толып, құрмметі демалысқа шыққан тарлан теміржолшыны туған ұжымы қимай шығарып салды.

Жат елде туып-өсір ет жеткен ол ата қонысқа орда бұзар отыз жасында келіпті. Сондықтан туған жерде тұрып, еңбек етудің не екенін ол жақсы біледі. «1957 жылы Туркіменстанның Ташауз облысында дүниеге келдім. 1988 жылы Маңғыстауға қоныс аударған соң Маңғыстау вагон депосының Бейнеу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктіне вагон жөндеуші болып жұмысқа тұрдым. Содан бері осы саллада, қал-қадірімше еңбек етіп, абыройсыз болмасақ дедік. 1996-2005 жылдары Сай-Өтес станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде шебер, 2005-2007 жылдары Бейнеудегі ТҚП бастығы, 2007 жылдан бері Сай-Өтесте шебер болдым. Осы жылдар ішінде вагон саласының біз білмеген ұңғыл-шұңғылы қалмады десек болады», деп күледі кейіпкеріміз.

Өз саласының нағыз шеберіне айналып, қаншама шәкірт даярлаған жанның кейінгі жастарға айтары ең алдымен – тәртіп.

-Теміржолда темірдей тәртіп о бастан қалыптасқан, босаңсыған жерден ақау шығады, оны күнделікті өмірде көріп жүрміз. Белгілі нұсқаулықтармен жүресің. Әркімнің өзінің қызметтік нұсқаулығы бар. Соны ұйқыдан оятып сұраса да білетіндей болуың керек. Онсыз қиын. Әсіресе біздің Сай-Өтестің басында жұмыс істейтіндер ескеретін ерекшеліктер көп. Сай-Өтеспен Шетпенің арасы кілең таулы жер. Ылди да бар, биікке де шығады, қисық жол да кездеседі. Станциядан Маңғыстау станциясына ылдиға қарай кететін пойыздардың жүру тәртібі де басқа. Таулы, тегіс жерде жүруге арналған тәртіпке қою керек. Сол дұрыс болмаса пойыз тежегіші істемей, пойыз тоқтай алмай қалуы мүмкін. Сондықтан біздің вагон қараушылардан сұрайтынымыз да, оларға үйрететініміз де сол. Асығып, қателеспеу керек. Бірақ жұмысты өз уақытымен орындау қажет. Себебі, жолаушылар пойыздары қатаң кестемен жүреді. Жүк пойыздарын да іркуге болмайды. Жауапкершілік бар жерде жұмыс та тиянақты жүреді,-дейді ол.

Елге оралғасын Ақтау көлік колледжіне оқуға тусіп, теміржол саласында білім алады. Жары да өзімен қатар теміржол жұмысына араласып, «Теміржолсу» мекемесінен зейнетке шығады. Екеуі екі ұл мен үш қызды тәрбиелеп жеткізеді.

− Мектепті бітіргесін Харковтағы әскери авиациялық училищеге қанша тырыссам да оқуға түсе алмадым. Жасың жетпейді деп қайтарды. Мен қазан айында туғанмын. Оған қыркүйек айына дейін туғандар ілінді. Содан басқа оқуға тапсырып, су саласында білім алдым, - дейді кейіпкеріміз.

Жаңабай ағаның бір ұлы Жамбыл Түйебаев бүгінде әке жолын жалғаған теміржолшы, ол да вагон шаруашылығы саласында тер төгуде. Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы жоғары оқу орнында білім алып, 2006 жылы жолдамамен Атырау вагон жөндеу депосында жұмысын бастаған. Бірнеше жылдан соң Маңғыстау вагон пайдалану депосына ауысып, бүгінде депода өндірістік қауіпсіздік қызметі секторында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маман.

− Біз негізі теміржолшылар әулетіміз. Әкемнің інілері Жексенбай, Амангелді Түйебаевтар вагон шаруашылығында, Нұрлан Түйебаев электрмен жабдықтау дистанциясында еңбек етеді. Сол кісілерге қарап өскен біз де осы кәсіпті таңдадық. Ағаларымның балалары екеуі ЭЧ мекемесінде, біреуі станция кезекшісі, екеуі электрмен қамту дистанциясында, сондықтан «алма сабағынан алыс түспейді екен, айналып келіп мен де теміржолшы болдым, оған еш өкінішім жоқ,- дейді Жаңабай ағаның ұлы.

Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды