Вагон қараушы жыл басынан төрт ақау таупты

ҚТЖ келбеті
23.06.2021, 14:06
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау вагон пайдалану депосының Бейнеудегі техникалық қызмет көрсету қосынында вагон қараушы болып істейтін Әділбек Өсербаев жыл басынан бері төрт ақау тауып, қауіпсіздік саласына зор үлес қосты. Осы еңбегі еленіп, ол «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ие болды. Бейнеулік вагон қараушы теміржолда небәрі үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Арнайы колледжді бітірген соң, жұмыс барысында техникалық сабақтарда, Ақтөбеде білім жетілдіру арқылы вагон шаруашылығының қыр-сырына қаныққан ол қазір нағыз қырағы вагон қараушыға айналған. Биыл жыл басынан бері тапқан ақаулары аса қауіпті саналады. Оның екеуі бүйір рамасынан, екеуі автотіркегіш бөлігінен анықталды. Жақында соңғы бір ақау Тассай станциясынан, ар жағы Өзбекстаннан Ақтау портына қарай бағытталған, жуа, картоп тиелген жүк вагонынан шықты. – Станцияда бір сағаттай тұратын жүк пойыздарына техникалық қызмет көрсетіп, тексеру кезінде бір құрамда 60 вагон болса, соған 6 вагон қараушы шығамыз. Мен соңғы ақауды күндізгі ауысымда жүріп таптым. Сондықтан автотіркегіштегі 130 мм сызатты көру қиын болмады. Бұл – өте күрделі ақау. Дереу вагонды құрамнан ағытып, ТОР, яғни ағымды ағытып жөндеу цехына жібердік, – дейді вагон қараушы Әділбек. Вагон қараушылар айына екі рет техникалық сабаққа қатысу кезінде өзге елдер мен өңірлерде болған апаттар бойынша бейнежазбаларды көру, түрлі бұйрықтармен, өзге де керекті ақпараттармен танысу, ақау табу тәсілдерін меңгеру арқылы білім жетілдіреді. Сол алған білімдерін 3 айда 1 рет сынақ кезінде көрсетеді. – Вагондарды тексергенде 12 позиция бойынша қараймыз. Атап айтар болсақ, күйіктің иісі шықпай ма, ұрған кезде дыбыстар қалай естіледі, бүйір рамасында сызат жоқ па, автотіркегіш жағдайы қалай, тежегіш жағы, жүріс бөлігі, вагон шанақтары, соның ішінде тағы майда бөлшектері, дөңгелек жұптары қандай деңгейде, вагонның үстіңгі жағында не кемшілік бар, соның бәрін шолып шығуымыз керек. Жалпы станцияға күніне 16 пойыздай келіп-кетіп жатады, бәріне бөлініп, бірдей қызмет көрсетеміз, – дейді қырағы вагоншы. Бүгінде мамандығын терең меңгерген Әділбек тәжірибеден бөлек үнемі ізденісте болуды мақсат санайды. Әке жолымен теміржолшы кәсібін таңдаған ол – төрт қыздың сүйікті әкесі.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты