26 жыл жол жөндеуші болып жұмыс жасаған Баян апа

ҚТЖ келбеті
22.07.2021, 14:53
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол саласында ауыр еңбекті ерлермен қатар атқарып, жұмысқа білек сыбана кірісетін, ал үйде балашағаның да бабын тауып, отбасының ұйтқысы бола білген әйел-аналар қандай құрметке де лайық. Қай мамандық болсын жеңіл емес. Соның ішінде теміржол жұмысы, жол жөндеуші болу кез келген нәзік жанның қолынан келе бермейді. Біздің кейіп- керіміз Байдуллина Баян апа да ұзақ жыл жол жөндеуші болып жұмыс жасаған. Жоғарыда айтылған қиындықтың бәрін де көрген, басынан өткерген жан. Атырау жол дистанциясының Ескене теліміне жол жөндеуші болып жұмысқа тұрып, табандай 26 жыл істеп, ол мамандықтың ыстығы мен суығының бәрін көрген. Алты баланы дүниеге әкеліп, отағасы екеуі бәрін де жеткізіп, өсіріп-өндірді. – Таңнан тұрып, түнде өшіп қалған пешке көмір жағып, құдықтан су тасып әкеліп, плитаға ысытып, балаларға шай беріп, мектепке жіберу керек. Таңғы 8 болмай жұмысқа келіп, нұсқаулықтан өткеннен кейін қара кешке дейін рельс бойын жағалап жүріп өту керек. Жай жүру емес, бригада мүшелерімен жолдың ақаулығын тексеру, шебін төсеу, шпал ауыстыру, рельс түзету, бұрмаларды тазарту, жөндеу, жолды қыста қардан, жазда құмнан аршу... әйтеуір, мігір жоқ тынымсыз тірлік болды, – деп еске алады Баян апа жас кезін. Міне, жұмыстардың көбі сонау жыл- дары әйел қолымен жасалатын, бірақ асқан жауапкершілікпен жасалушы еді. Сол жанкештіліктің бәрі де қозғалыс қауіпсіздігі үшін! Жолаушы және жүк пойыздары аман-есен діттеген жеріне жетіп, әрі қарай қауіпсіз жүруі үшін. Ал кешке үйге келе сала әйел үшін тағы да тамақ пісіру, балаларды жуындыру, сабағын қарау сынды күйбең тірлік басталады... 2013 жылы әйел адамдарға жеңіл жұмыстар ұсынылып, Баян апа 458-ші шақырымдағы өткел кезекшісі жұмысына ауыстырылады. Содан бүгінгі күнге дейін өткел кезекшісі болып еңбек етіп келеді. «Тәулігіне 18, кейде 22, ал кейде одан да көп пойыз жүріп өтеді. Сол себепті қолмен атқарылатын өткелді ашып-жауып тұрамыз. Қасымызда зауыт салынып жатқандықтан автокөлік те көп. Сондықтан мұнда да жауапкершілік аз емес. Басыма түскен қиын шақтарда үнемі қолдау білдіргені үшін сол кездегі жол шебері А.Басаровқа, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Е.Сапаровқа, жол дистанциясының бастығы А.Жылқыбаевқа, қазіргі учаске бастығы А.Есқалиға аналық ризашылығымды білдіремін» дейді Баян Рақымжанқызы. «Күміс алқа» иегері Баян апай бүгінде Қаламқас, Нұргүл, Айгерім, Ұлмекен, Бибінұр есімді қыздарынан рахат көріп отыр. Тұрмыстағы төртеуінен 17 жиен және ұлы Алишерден 1 немере сүйіп отырған бақытты ана. «Барлық бейнетімнің өтеуі, бақытым осылар» дейді. Отағасы Берік ағай болса зейнеткерлікте. Олар қазір экологиялық ахуалы өте нашар саналатын Ескене станциясында тұрып жатыр. Мұнда түгелге дерлік теміржолшылар отбасы тұрады. Жергілікті атқарушы билік ауылды көшіру мәселесін көтергелі қашан. Саналы ғұмырын темір жолда өткізген Баян апай да отбасымен жайлы жерге қоныс аударсақ деген тілекте. Ол күндер де жақын болғай...

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты