Қорғасын станциясы: қауіпсіздік сақталсын десек...

Фоторепортаждар
12.11.2019, 12:45
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Қорғасын станциясы – халық жиі шоғырланған жерге жақын орналасқан ірі бекеттердің бірі. Бұл станция үшін бір жағынан тиімді болса, екінші жағынан қауіпсіз де емес. Себебі, теміржолда адам қағып кету, мал басу фактілері жиі орын алып жатады.

Сондықтан, станцияның қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған мәселе аймақ теміржолшыларын жиі алаңдатады. Қайғылы жағдай мен келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық шара қолға алынып, ай сайын айлық жарияланып жатса да, өкінішке қарай, жергілікті тұрғындар жеткілікті мән бермейтіні қынжылтады. Станцияның бас жолдарындағы кейбір өткелдерде қоршау болмағандықтан шұғыл тежеулер де жиі болып тұрады екен. Бұған Шымкент жол дистанциясының мамандары берген мына анықтама да дәлел болмақ. Жолшылар Қорғасын-Шымкент станциясындағы 3283, 3284, 3285, 3286, 3287, 3288 км арақашықтығындағы учаскелерді өте қауіпті телім қатарына жатқызады. Шымкент бөлімшесі бойынша тоғыз айдағы қауіпсіздік есебіне тоқталар болсақ, жыл басынан бері 14 қауіпсіздікті бұзушылық жағдайы орын алған, оның ішінде 2 оқиға, 12 инцидент тіркелген. Өткен жылы дәл осы уақытта 1 оқиға, 14 инцидент болған екен. Станция басшысы Серғазы Сайрамбаевтың айтуынша, әр теміржолшының өз міндетін орындау барысы тұрақты түрде қадағаланады.

«Біз станция қызметкерлерінің өз міндетін жауапты әрі мұқият орындауын үнемі қатаң қадағалап тұрамыз. Әсіресе жұмысқа жаңадан тұрған, еңбек өтіліне әлі бір жыл тола қоймаған жастарға ерекше көңіл бөлеміз. Егер бір бұзушылықты анықтаған жағдайда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажет болса жеке техникалық оқу-жаттығуларын үйретеміз. Жұмысшылардың өз міндетін мүлтіксіз атқарып қана қоймай, олардың білім деңгейін көтеріп тұрудың да қауіпсіздіктің сақтауына әсері зор. Өйткені, өзіңіз білесіз, Қорғасын станциясы халыққа жақын орналасқандықтан қауіпті жағдайлардың жиі орын алып жататыны жасырын емес. Осыны болдырмас үшін біз әрбір қызметкеріміздің білікті болуына мүдделіміз. Сондай-ақ, ай сайын бекітілген жоспарға сәйкес мамандықтары бойынша жұмысшыларға арнайы екі рет техникалық дәріс өткіземіз», – дейді станция бастығы.

Станция басшылығы жергілікті тұрғындармен жиі кездесу өткізіп, станция арқылы өтетін жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатады. Теміржолдың қауіпті аймақ екенін, азаматтардың өмірі үшін қатер төндіретінін ескертіп, жадынамалар таратылады. Сонымен қатар, шойын жолдарға бөгде заттар қалдырып кету де аса қауіпті. Оның салдарынан жолдар бұзылып, пойыз қозғалысы мен адамдардың өміріне қауіп төнуі де мүмкін екені балаларға қайта-қайта ескертіліп жатады. Сөйте тұра, елді мекеннің тым жақын орналасуы – Қорғасынның қауіпсіздігіне қатер төндіретін басты фактор болып қалып отыр. Жалпы, Қорғасын станциясында 25 адам жұмыс істейді. 2011 жылы станцияның тауар кеңсесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимаратты жақсартып, еңбекке қолайлы жағдай жасаған. Аталған станциядан орта есеппен тәулігіне 3-4 поезд келіп-кетіп жатады. Станцияда 4 негізгі жол мен 6 кірме жол бар, оның біреуінде қауіпті жүктер түсіріледі, ауысыммен 1 маневр тепловозы жұмыс істейді. Қорғасын станциясының тоғыз айдағы көрсеткішіне тоқтала кетсек, 219 вагон жүк тиеліп, 3434 вагон жүк түсіріліпті. Ал вагон айналымы 3653 вагонға жетіп, әрқайсысынан түскен табыс 13443,5 теңгені құраған. Қазіргі таңда станцияда АСУ ДКР бағдарламасы толық көлемде игерілген, оның жұмысына ешқандай ескертпе, шағымдар жоқ. Бұл бағдарламаның тиімділігі сол, вагон парақшасын бұрынғыдай қаптаған қағаздармен толтырмай, құжатты электронды түрде рәсімдейді. Бұл өз кезегінде жүктер мен багажды қабылдап алудың жұмысын әлдеқайда жеңілдеткен. Станция жұмысшылары арнайы қыстық киімдермен, басқа да жұмыс барысына қажетті керек-жарақпен толықтай қамтамасыз етілген.   

Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді
Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке